Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Отбасымызда мерейлі, қуанышты күн": Қызылордада 100 көпбалалы жанұя баспаналы болды

Қызылорда қаласында балаларды қорғау мерекесінің қарсаңында жүз көпбалалы отбасы баспаналы болды. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Игілікті іс Болат Өтемұратовтың жеке қорының көмегімен жүзеге асқан. Қор Қызылорда әкімдігімен бірлесе отырып, баспаналарды "Баламекен" жобасының аясындат екі айдың ішінде салған.

Болат Өтемұратов қоры жобаға 450 миллион теңге аударып, үйге мұқтаж көпбалалы жүз отбасыға елу баспана берген. Баспаналы болғандардың қатарында осы уақытқа дейін пәтер жалдап келген жеті баланың анасы бар. "Өте қуаныштымыз. Отбасымызда мерейлі, қуанышты күн. Көптен күткен баспанамызға қол жеткіздік", — дейді Ізімкүл Тұрсанова. 

Үйлер жаңадан бой көтерген Бәйтерек шағын ауданында орналасқан."Елу үй дейміз. Әр үй екі отбасына беріледі. Әр отбасында өздерінің кіре берістері бар", — дейді қордың қоғаммен байланысы бойынша менеджері Еркін Үдербай. 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың мамыр айында көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталған еді.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр