Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық жұлдыздардың фотоларына пародия жасайтын жігіт туралы не білеміз

Алматылық Мәди Капанов ғаламторда тез танылудың жолын түсініп алды. Жас жігіт қарапайым құралдарды пайдалану арқылы, қазақстандық шоу-бизнес өкілдеріне пародия жасап, желі “жұлдызына” айналып шыға келген. Желіде оның жұмыстарын жоғары бағалап, мойындайтындар да, масқаралап, бетіне басатындар да көп екен.

Отандық жұлдыздардың фотоларына пародия жасайтын жігіт туралы не білеміз

Comode басылымына сұхбат берген Мәди бұл іспен не үшін айналысатынын түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тамыз айында Мәдидің пародиялары әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кеңінен таралып кетті. Тіпті, отандық танымалдар оның еңбегін жоғары бағалап, өз парақшаларында бөліскен. Олардың қатарында атышулы продюсер Баян Алагөзова, әнші Луина мен экс-депутат Бақыт Сыздықова да бар. Осыдан кейін Мәди бір күннің ішінде желі “жұлдызына” айналып шыға келген.

“Менің жасым 22-де, қарапайым кеңсе қызметкірімін. Таңғы сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін халықаралық компанияда ақпараттық төлемдер саласының жетекші маманы болып жұмыс істеймін. Қарағанды өңірінің тумасымын. Студент кезімнен жұмыс істеп, кейін Алматыға көшіп келдім. Екі жыл аутсорсинг компаниясында жұмыс істеп, бөлім басшысына дейін көтерілдім. Кейін ақпараттық жүйелер саласына ауыстым”, – дейді Мәди.

Бір қызығы, Мәди қазақстандық танымал бикештер пародиясын атышулы желі “жұлдызы” Айжан Байзақовадан бастаған. Ол кезде танымал болу деген нәрсе Мәдидің ойына да кіріп шықпапты.

Отандық жұлдыздардың фотоларына пародия жасайтын жігіт туралы не білеміз
“Жаздың басында достарымызбен Қапшағайға демалуға бардық. Жағажайда жатып, әрнәрсені әңгіме етіп отырдық. Құм үстінде тізерлеп отырған кезімде бір досым: “Темекі шегіп, Айжан Байзақова ұқсап отыршы”, – деді. Біз Байзақованың суретін қайта ашып қарап, әрі қарай қиялға ерік бердік. Үстіме құм шашып, басыма қара футболка киіп алдым, ең бастысы, оның мимикасы мен қылықтарын қайталауға тырыстым. Қалжың ретінде суретке түсіп, кейін Байзақованың суретімен бірге коллаж жасадым. Ерекше нәрсе шыққанын түсіндім. Кейін желіге жүктедім”, – дейді Мәди.

Бұдан кейін Мәди кездейсоқ атышулы Байзақованың өзімен кездесіп, танысқан. Әңгіме барысында оған суретін көрсеткен Мәди Айжанның еш ренжімегенін түсінген соң бұл хоббиін жалғастыруды жөн деп тапқан.
“Айжан қызыға қарап, таңғалып, тіпті алғысын білдірді. Сол сәтте менің жұмысым адамның көңіліне тимейді деген ойға қалдым”, – дейді Капаров.

Қапаровтың айтуынша, Луина мен Баян Алагөзова оның жұмысын бөліскеннен кейін, оның желідегі оқырмандар саны күрт көбейіп кеткен. Алайда көпшілікке Мәдидің “Луина” образындағы суретін қатал сынға алған. Себебі жігіттің құлағындағы моншақты жұрт таспихқа ұқсатқан.

“Осы қылығың үшін тозақта жанасың деп жазғандар да болды. Бірақ ол таспих емес еді. Жай ғана моншақтардан жасалған алқа. Оны арнайы ғаламтор-дүкенінен тапсырыс беріп, алдыртқанмын”, – дейді Мәди.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау