Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық жұлдыздар Канн кинофестивалінің кей талаптарына қарсы

«Францияда өтіп жатқан Канн фестиваліне бара қалсақ, кинобәйгенің талаптарын толықтай «орындай алмаспыз» -дейді отандық жұлдыздар. Мысалы, Айдай Исаева айтулы кеште сэлфиден бас тарта алмайтынына сенімді.

Отандық жұлдыздар Канн кинофестивалінің кей талаптарына қарсы

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

71-ші рет шымылдығын түрген Канн фестивалі, биыл тағы бір ережемен толықты. Жаңа талапқа сай, жұлдыздарға сэлфи жасауға тиым салынған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл қызыл кілемге сай қылық емес және айтулы салтанатта бейберекеттік тудыратын бір себеп екен.

Алайда, кинобәйгенің тың талабы шетелдік қана емес, отандық өнерпаздардың да наразылығын тудыруда.

“Суретке түсуге болмайды дегенмен келіспеймін. Ондай ауқымды шарада, өзге жерде жүре бермейтін көптеген танымал адамдарды кездестіресің. Сондықтан да, ұйымдастырушыларға сэлфиді заманның талабы ретінде қабылдаған жөн”, – дейді Лидо.

Ал, әнші Кентал Каннға шақырса болғаны, тіпті суреттен де бас тартамын деп отыр.

“Болмайды сэлфи десе, жарайды деп. Мысалы мейрам бойынша, мүмкін ол заңы болса жарайды. Мен суретсіз жүре аламын, маған сурет маңызды емес”, – дейді ол.

Танымал сәнқой Айдай Исаева болса, айтулы шараның қадірлі мейманы атанса, қызыл кілемде кіммен суретке түсетінін де белгілеп қойған.

“Адам баласы болғаннан кейін, ұнайтын адаммен суретке түскің келеді. Мысалы мен Бейонсты ма, өзімнің жақсы көретін адамымды көріп қалсам, міндетті түрде суретке түсіп алайық деп айтам”, – дейді Айдай Исаева.

Ал, әзірше Айдай өзі жанкүйерлерімен сэлфиге түсіп, табынушыларына қуаныш сыйлауға дайын.

Тағы оқыңыз: 

Мақпал Исабекова марқұм Батырхан Шүкеновге алғыс білдірді

Сиви Махмуди түр-келбетін кемсіткен хэйтерлерді қалай жазаламақ

Бақыт Шадаева жар болатын азаматқа іздеу салды

Сәкен Майғазиевке Мұхаммед пайғамбардың көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты (видео)

 

Талқылау