Отандық жұлдыздар арасында жүріп бара жатқан көлікпен ілесіп билеу сәнге айналып барады (видео)

Бүгінде отандық жұлдыздар арасында көліктен түсе салып билеу сәнге айналып барады. Алайда жаңа челленджің өмірге қауіптілігін көпшілігі түсіне бермейтін тәрізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Отандық жұлдыздар арасында көліктен түсе салып билеу сәнге айналып барады (видео)

Челлендж шарты бойынша, ағылшын тіліндегі әнді қосып, жүріп бара жатқан көліктен түсіп, ілесе жүріп билеу керек. Осындай видеоларын желіде жарыса жариялағандардың ішінде шоу-бизнес өкілдері де аз емес.

Солардың бірі әнші Алтынай Жорабаева көліктен түсе сала билеп, жұрттың сынына іліккен еді.

 

Әншінің ізін ала жұлдызды жұп Арман мен Аша Матай да бірігіп билеп, жаңа челленджді қолдайтындарын аңғартты.

 

Бұл қатардан танымал скрипкашы Жәмила Серкебаева да табылды. Ол көлікпен ілесе жүріп билеп қана қоймай, скрипкада ойнап, жұртты таңғалдырды.

 

Ал актер әрі желіде күлкілі видеоларымен танымал Серғазы Тоқтарбек те аталған челленджді айналып өте алмады. Алайда ол мұндай әрекетке барғандарды астарлы сынға алып, қауіптілігін жеткізуге тырысқан.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.

 

Ал желі қолданушыларының жаңа челленджге қатысты пікірі қақ бөлінеді. Бірі заманыңнан қалыспау керектігін айтса, енді бірі «атың шықпаса жер өрте» дейді. Десе де көпшілігі жұлдыздардың көлікпен ілесе жүріп билеген биіне жоғары баға берген. Сондықтан көпшілік мұндай әрекеттің қауіптілігін ойлай бермейтін тәрізді.

Бүгінде көпшілік хайп қуып, танымалдыққа қол жеткізу үшін түрлі әрекетке барғанымен, алдымен олардың өмірге қауіптілігін ойға алған жөн екенін естеріңізге саламыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар