Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық жобаға қатысқан Қайрат Түнтеков көрерменмен жылап қауышты (видео)

Бірнеше жыл бойы ел көзінен тасада болған Қайрат Түнтеков былтырдан бері тыңдармандарын қуантуда. Алайда жарты жыл бұрын “Ұшқан бағым” атты бейнебаянын халыққа ұсынған Қайрат өзге әріптестері секілді айына он шақты ән жазып, апта сайын бейнебаян түсірмейді. Оған қаржының тапшылығы емес, әншінің биік талғамы себеп, деп хабарлайды Stan.kz.

 

“Пачка-пачка әндер жазуыма болады, елдің бәрі айтып жүрген әндер, бірақ мен ондай жазғым келмейді”, – деген болатын Қайрат бұған дейін отандық арнаға берген сұхбатында.

Иә, расында халық Түнтековті сағынды. Қайраттың іздеушілері күн сайын оның парақшасына кіріп, сахнаға қашан шығатынын сұраудан шаршамайды. Халықтың тілегін ескерген Қайрат қазір шығармашылыққа білек сыбана кірісті. Қазіргі уақытта ол Димаштың жұлдызын жаққан I am a Singer жобасына қатысуда. Тек Қытайда емес, жобаның Қазақстандағы нұсқасына.

Аталған жобаның алғашқы кезеңінде Қайрат қазақтың халық әні “Наз қоңыр” мен поп-музыка королі Майкл Джексонның “Сен жалғыз емессің” (You are not alone) әнін шырқады. Халықтың ықыласына, толассыз қошеметіне бөленді. Келесі кезеңге өтті.

Тыңдарманымен сағына қауышқан Қайрат жоба барысында көзіне жас алып қалған.

“Кешіріңіздер, өз-өзімді ұстай алмай қалдым”, – деді сахна төрінде тұрған Қайрат. Ендеше елін сағындырған Қайратқа сәттілік тілейміз!

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев әртістерді кінәлап, күйе жаққандармен күреспек

Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото)

Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымал қалды (видео)

Мөлдір Әуелбекова: Қазақ эстрадасында тойға шықпайтын әнші жоқ

Талқылау