Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық танымал әнші «достарының» өзін алдап соғып, 72 миллион теңгеге қарызға батырғанын жайып салды

Танымал әнші, «Үркер» тобының мүшесі Айдос Сағатов өз отбасын «достары» алдап соғып, шамамен 72 миллион теңгеге қарызға батырғанын жайып салды. Айтуынша, аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс бір жыл бұрын қозғалғанымен, полиция әрекетсіздік танытып отыр, деп жазады Stan.kz.

Айдос Сағатов

Бұл туралы Айдос Сағатов Facebook желісінде жазды.

Айдос Сағатовтың айтуынша отбасылық “достары” санап жүрген адамдары жұбайы Юлия Хоменконың атына несие рәсімдеп, сан соқтырып кеткен.

«Әрине,біртүрлі жағдай. Алайда жұбайым екеуіміз өзіміз тап болған жағдайды полицияның әрекетсіздігі мен банк ұстанымына байланысты, жариялауды жөн көрдік. Қылмыстық іс бір жыл бұрын қозғалған. Әдетте достарыңнан мұндай әрекетті күтпейсің. Алайда өмір бізге кезекті сабағын үйретті.

Біздің отбасылық «досымыз» деп атап жүрген адамдарымыздың қаржылық жағдайына және адамгершілігіне сенімді болдық. Олар әйелімнен өздеріне несие алып беруін сұрап, ақшасын уақытылы төлеп тұратынын, жарты жылдан кейін несиені өз аттарына қайта рәсімдейтінін айтқан. Олар әйелімді ұзақ уақыт бойы көндіріп, ешқандай қатер болмайтынына сендірді. Олар бұл іске ұлы «маманды» және банк «өкілі» Бибігүл Бақторазованы тартты. Барлық құжаттың рәсімделуі банк «өкілі» арқылы жүзеге асты. Нәтижесінде несие небәрі 30 минуттың ішінде беріліп, ақша «досымның» қолына тиді», – дейді Айдос Сағатов.

Ал әншінің өміріндегі алдағы жағдай дәл кинодағыдай болыпты.

«5 жылдан кейін бізден несиенің барлық сомасы өндіріп алынатыны туралы соттың сырттай шешімі келді. Бұған дейін бізге ешқандай шақырту қағазы келген жоқ еді. Анықталғандай, банк «өкілі» Бақторазова уақытты созып, талап қою мерзімі өтіп кеткенше қолынан келгеннің бәрін жасаған. Соттың шақырту қағазы бізге жетпеген. Яғни біз банкпен қарым-қатынастан толықтай ажыратылыппыз. Мұның бәрін, бізге ескертпестен, мені несие бойынша кепілгер ретінде тағайындағандарын жасыру үшін жасаған. Олар кепілгер келісім шартында және басқа да құжаттарда менің қолымды өздері өтірік қойып отырған. Сонымен қатар менің әйелімнің атына рәсімделген құжаттарда да оның қолы өтірік қойылыпты. Бұл туралы біз тек 2015 жылы білдік», – дейді Сағатов.

Ал «Время» басылымының мәліметінше, 2007 жылы «досына» 300 мың доллар (сол кездегі бағам бойынша) көлемінде несие алып берген Сағатовтың отбасына 2013 жылы олардан 71 845 397 теңге көлеміндегі соманы өндіріп алу туралы соттың сырттай шешімі келген.

«Біріншіден, мен банкке ешқандай кепілдік хат жазып берген емеспін. Менің қолым мен жазуым және әйелімнің атына рәсімделген басқа да құжаттар жалған.  Бұл қолжазу сараптамасында да дәлелденді. Екіншінден, менің ойымша, бізді алдап кеткен. Досым Серік несиені 6 айдан кейін өз атына аударуға уәде берген. Алайда оның орнына несиені өтеуді тоқтатқан. Үшіншіден, Гүлмира мен Серік бір несиені екіншісімен жабу арқылы өмір сүріп келген. Несие тарихы нашар болғандықтан, бұл жұп басқа тұлғалардың көмегіне мәжбүр болған. …Төртіншіден, біз Юлиямен полиграфта тексерістен өттік. Ол біздің жауабымыздан өтіріктің ізін де байқамады. Бұл жағдайда біздің процесске қатысуымызсық-ақ сырттай шешім қабылдаған соттың позициясы да түсініксіз. Бізге банктен ешқандай хабарлама келген жоқ. Бесіншіден, банк несие бюросына ақпаратты тек 2016 жылы берген. Алайда олар бұл мәліметті бір айдан кейін-ақ беруі тиіс еді.

Менің ойымша, мұның бәрі менің кепілгер ретінде тағайындалғаным туралы білмеуіміз үшін жасалған», – дейді Сағатов.

Өз кезегінде полиция ҚР ҚК 385-бабы (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше сараптама тағайындаған.

Алғашқы сот-қолжазба сараптамасының нәтижесі бойынша, банк құжаттарындағы қолтаңбаны Айдос Сағатовтың өзі қойған. Сағатовтың сөзінше, бұл тұжырым қате болып шыққан. Ал келесі сараптама нәтижесі банк құжаттарындағы жазу «Сағатов Айдос Мансұрұлының емес, басқа тұлғаның қолымен жазылғанын» көрсетті.

«Әйелім екеуіміз жалғандық детекторынан тексеруден өттік. …Барлық тексеру сұрағы бойынша біздің жауабымызда өтірік жоқ екені туралы нәтиже шығарылды.

Біздің қорғаушымыздың өтініш хаты бойынша Бостандық аудандық АІІБ анықтаушысы комиссиялық сараптама тағайындады. Оның нәтижесі біздің сөзіміздің растығын кезекті рет дәлелдеді.

Алайда, жұмсақтап айтқанда, тергеу жүргізіліп жатқан жоқ. Қылмыстық іс 2017 жылы 25 наурызда қозғалған. Бүгінде тергеудің тек бір орында тұрғанын айта аламыз», – дейді Айдос Сағатов.

Әншінің сөзінше, полиция Бибігүл Бақторазованы ұзақ уақыт таба алмаған. Мұнан кейін одан жауап алу, бетпе-бет кездесу, басқа да тергеу амалдары ұзаққа созылып кетіпті.

Осы уақыт ішінде Бақторазова басқа да қылмыстық істің фигурантына айналып, ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін айыпталған.

Алматы қаласы Түркісіб аудандық сотының үкімі бойынша, аазматтық өндіріске қатысты елден шығуға тыйым салынған Бибігүл Бақторазова 2016 жылы Ыстамбұл-Алматы хабарламасы бойынша рейс рәсімдеу барысында шекара қызметкерлерімен ұсталған. Артынша Бақторазова өз кінәсін толықтай мойындап, жазасын жеңілдетіп, айыппұл ретінде тағайындауын сұрапты.

Өз кезегінде Түркісіб аудандық сотының төрағасы мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өткен үшін айыпталған Бақторазованың өз кінәсін мойындағанын, жасаған қылмысы үшін өкінетінін, қылмыстың дәрежесі аса ауыр еместігін ескеріп, оған 1  143 500 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталушы ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылыққа ұшырап, негізгі жазадан босатылды.

Айта кетсек, Бибігүл Бақторазова әншіні алдап соққан Серік Кінәзханов пен Гүлмира Алдияровамен таныстығын жоққа шығармады. Ол әншінің жұбайы Юлия Хоменконың атына несие рәсімделген кезде де кепілгер болғанын жасырмады. Бақторазованың сөзінще, ол Серік және Гүлмирамен 1997 жылдан бері таныс. Жазда олар Бибігүлден банкте кепілгер болуын сұрапты. Несие алуға кепіл ретінде «Самал-2» ықшамауданындағы коммерциялық ғимарат қойылған.

Алайда 2017 жылы 5 қазанда берген жауабында Бақторазова тағы бір жайтты жасырып қалған. 2015 жылы 7 тамызда ол Бостандық аудандық сотына сырттай шешімнен бас тарту туралы өтініш түсірген. Алайда сот отырысында қарасын көрсетпепті. Ол сот отырысына келмегендіктен, сот Бақторазованың өтінішін қағанттандырудан бас тартқан.

Ендігі бұл шешімге қатысты шағым түсіруге немесе наразылық білдіру мүмкін емес. Демек, Айдос Сағатов жұбайы Юлия Хоменкомен және өздерінің кепілгері Бақторазовамен бірге банкке шамамен 72 миллион теңге өтеп беруі тиіс. Десе де егер олар сотқа дейінгі тергеу барысында өздерін алдап кеткенін дәлелдей алса, барлығы түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау