Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық танымал әнші 5 мыңға жуық адамның ақшасын алып, тақырға отырғызып кетті

Танымал халық әртісі Амангүл Сәндібаева  5 мыңға жуық адамды алдап соғып, 100-ге тарта шоу-бизнес өкілдерін қаржы пирамидасына тартқан. Тіпті зейнеткерлер мен мүгедек жандарды да тақырға отырғызған екен.

Отандық танымал әнші 5 мыңға жуық адамның ақшасын алып, тақырға отырғызып кетті

Сурет: YouTube/видеодан скриншот

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Динара Қабылбекова «Ақжайнақ» қаржы пирамидасына бақандай 900 мың теңге ақшасын құйған. Халық әртісі оны екі еселеп қайтарып беруге уәде беріпті. Тіпті, жетімдер мен мүгедектерге көмектесіп, халық игілігі үшін жұмыс жасап жатқанын айтып ақталған. Осылайша әншінің сөзіне сенген жұрт қомақты қаржысын қаржы пирамидасына ойланбастан салыпты. Алайда…

«Бұл компанияны Халық әртісі Амангүл Орынбасарқызы ашты. Мен «Ақжайнақ» компаниясына 900 мың теңге салдым. Бізге ақша екі есе көбейетінін айтты. Қаншама адам соған сеніп, бар жиған-тергенін салды. Алайда соңында не өзі, не ақша жоқ», – дейді қала тұрғыны Динара Қабылбекова.

Ал Сәуле Ғафиатуллина мүгедек баласымен далада қалған. Халық әртісі сал ауруына шалдыққан баласының еміне ақша тауып беремін деген. Сахна саңлағының сөзіне кіршіксіз сенген ана жиған-терген ақшасын құя салған. Алайда ақшасы екі еселенбек түгілі, әншінің өзі ұшты-күйлі жоғалыпты.

«Мені бұл жерге өзім жақсы танитын адам шақырған соң келдім. Басында мені алдауы мүмкін екеніне мүлдем сене алмадым. Ұлым – мүгедек. Оған жедел түрде ота жасату керек. Сондықтан тезірек ақшамды көбейтіп алайын деп балама бөлінетін жәрдемақыны да осы жерге салдым. Бірақ солай болады деп кім ойлаған?» – дейді қала тұрғыны Сәуле Ғафиатуллина.

Бүгін әбден сан соққан жұрт компанияның есігін торуылдап, базынасын айтпақ болды. Алайда есігі сол күйі ашылған жоқ.

«Менің бұл жерге сеніп келгенімнің екі себебі болды. Оның бірі – танымал артист болғаны. Халықтың алдында жүрген адамдарға сенуге болады деп ойладым.

Ал Халық әртісінің сахнадағы әріптестері ол туралы

«Фейсбук» желісінен оқып шалқамнан түсіп отырмын. Менің қатысым қанша? “Айжанованың құрбысы алаяқ Амангүл алдап қашып кетті”, – деп жазып қойыпты. Мен оны қорғаушыма беріп қойдым. Мен Амангүлді көрмегеніме, көрген жағдайда да мен оның біреуден ақша алып жатқанын көрген жоқпын. Ақша беріп жатқанда қасында тұрған жоқпын. Амангүлдің маған жаманшылығын көрген емеспін. Өзімен өзі намаз оқып жүретін. Ауру бала бағып отыр өзі. Мен оны ондай алаяқ деп айта алмаймын», – дейді әнші Жанар Айжанова.

Амангүл Сәндібаевадан ақшасын талап еткен жұрт оған үндеу жолдады. Егер мәселеге құлақ аспаса, прокуратура мен ішкі істер департментіне арыз жолдаймыз деп бекініп отыр. Тіпті ол үшін арнайы заңгерді де жалдамақ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау