Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық шоу бизнес жұлдыздары тойдан ғана емес, сыйақымен де байып жатыр

Табыстарының еселеп артқаны соншалық, танымал әнші, ақын, сазгерлер авторлық құқық үшін жылына 800 миллион теңге сыйақы алады екен. Жұлдыздардың кірісін есептеген Әділет министрлігі олардың еңбегі заңмен қорғалған деп отыр.

әншілеррр

Бұл туралы КТК арнасы жазды.

«Автордың құқығын бұзу бұрын Әкімшілік кодексте болған. Қазір Қылмыстық кодексте.Авторларға төлемақысы көбейді.Статистика мәліметтеріне қарасақ, авторлық қоғамдар 60 пайыздайын төлемнің осы қазақстандық авторларға төлеп отыр. Ал, 40 пайыз шетелдің азаматтары мен шетелдік авторларға жіберіліп отыр»,-дейді Әділет министрлігі, Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Абзал Естаев

Яғни, қазір әншілер нәпақасын тек тойдан таппайды. Олардың кафе, мейрамханалар мен ірі мерекелік шараларда орындалған әр әні үшін ақша төленеді. Ал, Авторлық құқық туралы заңға бағынбаған 7 сайт уақытша жабылыпты. Жазаланғандардың саны бұдан да көп болар еді. Алайда, отандық әртістер құқықтарының сақталуына көбіне мән бермейді екен.
Бүгін Әділет министрлігі Астанаға Дүниежүзілік зияткерлік ұйымының, Авторлар мен компазиторлар халықаралық қоғамының және Америка, Италия, Ресей, Әзербайжан сынды бірнеше мемлекеттің өкілдерін жинап, интернетте жарияланған шығарма авторларының құқығын қорғаудың жаңа әдістерін үйретті. Жиынның қорытындысы бойынша Авторлық құқық туралы заңға өзгеріс енгізіп, күзде депутаттарға таныстырмақ.

Талқылау