Отандық шенеуніктердің ықпалды балалары: еңбекқорлығымен таңғалдырған жастар

Тектілік тұқым қуалайды деген ұғым бар. “Жаман әкеден жақсы бала тумайды” деп айтып жатады. Бүгінгі жас та болса бас болып жатқан кейіпкерлер соның куәсі. Отыздан жаңа асқан жастар әлемнің үздік деген университеттерін бітіріп, үлкен бизнестің тізгінін ұстап, ел басқарып жүр.

Павел Кулагин, 32 жаста. Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагинның баласы. Әкесі түрлі жылдары көптеген қызметтерде жұмыс істеді. Павел Кулагин қазіргі таңда Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында әкім, бұған дейін Президент әкімшілігінде мемлекеттік қызметкер, Қостанай облысы әкімдігінде, Астана қаласындағы аудан әкімі қызметін атқарды.

Астана қаласының Алматы ауданына Павел небары 26 жаста  болғанда қызметке келген. Әкім болу үшін тым ерте емес па деген сауалға 2013 жылы әкесі Сергей Кулагин “Ерте емес, көрсін” деп жауап берген болатын.

Меруерт Әбдір. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қызы. Лондонда халықаралық бизнесті меңгеріп, Қазақстанға оралғанда Buro24/7 франшизасын сатып алып, осы сайтты басқарып, еліміздің сән әлеміндегі түрлі шараларды басқарып, жас дизайнерлерді танытуда ат салысып жүр. Екі баласы бар. Бұрынғы күйеуі – Бақыт Ибрагим – “Qazaq bank”-тің бұрынғы акционері. Қазіргі уақытта ол аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін тергеу амалдары аяқталғанша Астана қаласының изоляторында қамауда отыр.

Игорь Школьник, 38 жаста. Ел президентінің штаттан тыс кеңесшісі Владимир Школьниктың баласы. Игорь 1980 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақстан мен Ресейде бірнеше ірі кәсіптің иесі. Отандық Форбс журналыңы нұсқасы бойынша еліміздегі ең ауқатты адамдардың қатарына кіреді. Оның жағдайы 200 млн доллардан асып жығылады. Өкінішке орай, ғаламторда және БАҚ беттерінде Игорь Школьниктың ешқандай суреттері кездеспейді.

Асқар, Айнұр Тұрысбековтер. Бұрынғы Қорғаныс министрі, “Нұр Отан” партиясының экс-хатшысы Зауытбек Тұрысбековтың балалары. “Фергана” агенттігінің ақпараты бойынша, Асқар Тұрысбеков (1975) Шымкент әуежайының иесі. Айнұр Тұрысбекова (1980) – белгілі қазақстандық дизайнер, жеке бренді бар, үш баланың анасы.

Нұрәли Әлиев. 33 жаста. Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның үлкен баласы. Форбс журналының нұсқасы бойынша еліміздің ең ауқатты азаматтарының қатарына енеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен АҚШ-тың белді оқу орындарының бірін тәмамдаған. 23 жасында Қазақ даму банкінің атқарушы директоры болып тағайындалған. Қазір бірнеше ірі бизнестің, оның ішінде отандық телерадиокешендегі қомақты үлес иесі.

Жеңіс Қасымбек, 43 жаста. ҚР Инвестициялар және даму министрі. Түрлі жылдары ҚР Су транспорты комитетінде, ҚР Монополияға қарсы комитетінде қызмет атқарды. Бұған дейін Көлік және коммуникация министрі болды. Төрт баласы бар. Әкесі – Махмұд Қасымбек, 90-ншы жылдардан бастап Президент канцеляриясын басқарды.

Дәурен Жақсыбек, 40 жаста. “Цеснабанк” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. АҚШ-тың беделді бірнеше жоғары оқу орындарында оқып, Нью-Йорк және Венада қаржы саласында қызмет етті. 2005 жылы Астанаға оралы. ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтың жалғыз ұлы. Форбс журналының нұсқасы бойынша еліміздегі ең ауқатты адамдардың бірі. Ауылшаруашылығы саласында бірнеше ірі бизнесі бар. Атақты боксымыз Геннадий Головкиннің қолдаушыларының бірі.

Малика Бектұрова, 35 жаста. Астана қаласы әкімінің орынбасары. Мансабын 2002 жылы Қаржы министрлігінде жетекші маман ретінде бастады. Ұазіргі қызметіне 2016 жылы келді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің қарындасы. Әкесі – Ерлан Нығматуллин – Сенаттың экс-депутаты.

Малика Бектұрова

Бұл тізімді әрі қарай да жалғастыра беруге болады, бірақ біз еліміздің түрлі саласында қызметіп етіп жүрген ең танымал тұлғаларға ғана тоқталуды жөн көрдік.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар