Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық меценат Түркияда дүниеге келген сәбиін қайтара алмай жүрген ерлі-зайыптының бүкіл қарызын төлеп берді

Түркияға демалуға барған анасы мерзімінен бүрын босанып қалып, нәтижесінде сол елде қалып қалған сәбидің тағдырына қатысты жағымды жаңалық пайда болды. Бұған дейін Полинаның Анталиядағы клиникада жатқаны, жағдайының аздап жақсарғаны белгілі болған еді. Алайда клиникаға 20 мың доллардан аса қаржы төлеу керек болғандықтан, жаңа туған сәбидің анасы Дарья Васильева оны алып кете алмай жүрген.

Отандық меценат Түркияда дүниеге келген сәбиін қайтара алмай жүрген ерлі-зайыптының бүкіл қарызын төлеп берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда күні кеше Васильевтер отбасына қатысты қуанышты жаңалық пайда болды. Жақын күндері сәби Қазақстанға жеткізілетін болады.

Кішкентай Полинаның тағдыры туралы бүкіл ел хабардар болғаннан кейін, отандық меценаттардың бірі сәбидің ата-анасының түркиялық клиника алдындағы қарызын толықтай төлеп берген. Алайда қайырымды жан өз есімін жасырып қалуды жөн көрді. Ол қиын жағдайға тап болған отбасыға көмектесу үшін 20 мың доллар бөлген.

Естеріңізге сала кетсек, ата-анасы Түркияда демалып жатқан кезде мерзімінен бұрын дүниеге келген Полина Васильева есімді нәресте елге жіберілмей, түркиялық клиникада қалып қойған еді. Ата-анасы оны қайтарып алу үшін клиникаға көрсеткен қызметтері үшін 20 мың доллардан аса ақша төлеуі тиіс болыпты. Алайда олардың мұнша ақшасы болмағандықтан, сәбиін қайтара алмай жүрген еді. Бұған дейін сәбидің түркиялық балалар үйіне тапсырылуы мүмкін екендігі хабарланған-ды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау