Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық компаниялардың бірі жиналысқа кешіккен қызметкерлерін көпшіліктің алдында жаттығу жасауға мәжбүрлеген

Отандық BI Group холдингінде жиналысқа кешіккен қызметкерлерді жаттығу жасауға мәжбүрлеген. Бұл туралы танымал блогер Әлішер Елікбаев желіде жазған, деп жазады Stan.kz.

Отандық компаниялардың бірі жиналысқа кешіккен қызметкерлерін көпшіліктің алдында жаттығу жасауға мәжбүрлеген

«BI Group компаниясында топ-менеджерлердің жиналысында кешіккендерге көпшіліктің алдында жерден кеудесін көтеру жаттығуын жасауға мәжбүрледі. Қызық үшін дейді.

Шынымды айтсам, мен ешқашан кешіккен емеспін. Алайда басшылықтың мұндай бастамасын ұнатпас едім. Отырғандарға қаншалықты қызық болса да, сол күн компанияда жұмыс істеген соңғы күнім болар еді», – деп жазады Елікбаев Telegram-да.

Аталған жағдайға қатысты біздің ақпарат агенттігіне жауап берген BI Group холдингінің өкілі жылына 2-4 рет топ-менеджерлердің қатысуымен жиналыс өтетінін айтты.

Отандық компаниялардың бірі жиналысқа кешіккен қызметкерлерін көпшіліктің алдында жаттығу жасауға мәжбүрлеген

«Компанияда мұндай іс-шараларға қатысты қатаң уақыт регламенті бар. Жиналыс бір күнге жуық уақытқа созылатындықтан, ресми ортаға жан бітіріп, дене жаттығуын жасап, тәртіп сақталуы үшін, модератор кофе-брейк басталғанға дейін және оның соңына дейін кешіккендердің отырып-тұру, жерден кеудені көтеру және т.б. жаттығулар жасайтынын хабарлайды. Қандай жаттығу жасайтынын жиналысқа қатысушының өзі таңдайды», – дейді компания өкілі.

Холдингтегілердің сөзінше, қызметкерлер үшін жиналыс алдында бірнеше рет кеудесін жерден көтеріп, жаттығу жасау қызықты іс болып табылады.

«Ал кешіккен қыздар кадр сыртында қалған. Себебі залдағы өз орындарына отырды. Олар жаттығу жасаған жоқ. Алайда, қаласа, олар да жаттығу жасай алады. Оған тыйым жоқ.

Бұл регламент барлық жиналыс үшін міндетті емес және басқа жерлерде қолданылмайды. Холдинг басқармасына қатысушылардың келісімімен, тек топ-менеджерлер үшін қолданылады», – дейді компаниядағылар.

Сонымен қатар компания өкілі BI Group-тің салауатты өмір салтын насихаттайтынын мәлімдеп, қызметкерлерінің түрлі спорттық шараларға, қазақстандық марафондардың кемі үшеуіне қатысып, 5-тен 42 шақырымға дейін жүгіретінін айтты. Мұның бәрі ерікті түрде, дейді компания өкілі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау