Отандық кәсіпкер тікелей эфир кезінде науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ долларын берді

Сенбі, 13 Мамыр , 2017 8:48

Оқиға «Қазақ радиосының» эфирі кезінде болды. Отандық кәсіпкер науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

благо 130517

Қыздың еміне қаражат табуға тікелей эфирде шығатын «Жан жылуы» бағдарламаы көмектесті. Науқас балаларға көмек және қайырымдылық ісімен айналысатын кәсіпкерлердің бірі бағдарламаға қоңырау шалған ананың жан айқайына құлақ түрді.

Бағдарламаға Ақмарал есімді әйел хабарласып, 4 жасар қызы Айсәуленің жағдайын айтты. Бүлдіршіннің қос бірдей бүйрегі ауырады, жұмыс істемей қалған. Қазіргі уақытта қыздың өмірі қанды тазартуға арналған құрылғыға қарап тұр. Осы туралы сөз еткен әйел жұрттан көмек сұрады. Эфир барысында тыңдармандардың бірі хабарласып, ананың нөмірін сұрады. Ал кейіннен бейтаныс азаматтың науқас қызға 40 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай көмек көрсететіні белгілі болды.

«Жан жылуы» бағдарламасының жүргізушісі Ақбаян Сапарбай:

«Әлемде жақсы адамдардың бары сөз. Оған тағы да көзіміз жетті. Кейінірек Айсәуленің денсаулығы және оған көрсетілген көмек жайында толық мағлұмат беретін боламыз», – деді.

Қайырымдылық жасаған кәсіпкер өз есімін атамауды өтінген.

Айта кетейік, «Жан жылуы» бағдарламасы биылғы жылдың сәуір айынан бастап эфирге шықты. Аптасына екі рет тыңдармандарымен қауышатын бағдарлама науқас балалар проблемасын сөз етіп, қоғамның назарын аударуға тырысады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде кәсіпкер 10 жасар қызға сыйға тартқан пәтерге талас басталды

Алматылық отбасының ЭКО арқылы дүниеге келген үш бірдей баласы сал ауруына шалдыққан

Шымкенттік: Бас полицей үлкен қылмыстарды өзі қолдан жасады

Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар