Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық ғалымдар адам жасын ұзартатын сусын ойлап тапты

Отандық ғалымдар адам жасын ұзартатын эликсир жасауда орасан жетістікке жетіп отыр,-деп жазды КТК арнасы.

суууууу

Олар егде кісілердің ауруына қарсы тұратын, тіпті өмірлерін ұзартуға сеп болатын биологиялық белсенді қоспа ойлап тапқан. Мамандар сұйықтыққа қауіпсіздік сертификатын алып үлгергенімен, бірақ ол әлі клиникалық сынақтан өткізілмепті. Сиқырлы сусынның сырын тілшіміз айтып берсін.

Бірнеше жыл бойы жүргізілген теориялық зерттеу мен көптеген сынақ енді артта қалды. Бұл сиқырлы сусынды жасау үшін мамандар алты жыл уақытын сарп еткен. Бірақ, еткен еңбек еш кеткен жоқ.

Жасартатын сұйықтықтың негізгі бөлігі – жүзім сүйектері мен жомнан және жүзім сығындысынан тұрады. Бұлардың құрамында қартаюды бәсеңдетіп, өмір сүруді ұзартатын расвератрол деп аталатын зат бар. Тіпті гипертония және диабет сынды аурулардың бетін қайтаратын күшке ие дейді мамандар. Ал, сынақ әзірге тышқанға жасалған.

«Қысымы қалыпқа келді. Диабеттің асқынуына жол бермей, оны тоқтаттық. Бұған тез арада және жақсы көрсеткішпен қол жеткізгеніміз жоқ. Жалпы салмағы да айтарлықтай өзгеріссіз сақталды, бірақ, паранефральды май деген түсінік бар, бұл – жамбас немесе құрсақ тұсында орналасатын ішкі май тіндерінің массасы.

Міне, сол жерді біраз азайттық»,-дейді National Laboratory Astana: клиникалық фармакология және сынақ зертханасының жетекші ғылыми қызметкері  Александр Гуляев

Ғалымдардың айтуынша, бұл зат – жас ұлғайғанда пайда болатын түрлі аурулардың алдын алу үшін өте қажет. Қазір дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүру жасы ұзартылған. Бірақ, сол кәрілік келген шақта, ауру-сырқаудың көбейе беретіні заңдылық. Ал, оған тосқауыл бола алатын – осы тың жаңалық екен.

«Адам ұзақ өмір сүрген сайын өмір сүру сапасы нашарлап, түрлі ауру-сырқау да көбейе бастайды. Яғни, өмір сүруді ұзартқымыз келгенімен, оған мойын ұсынбау –герантология , яғни тірі организамдердің, оның ішінде адамның да қартаюын зерттейтін ғылымның алдында тұрған міндет.

Ұзақ өмір сүру – әрине , керемет! Бірақ, оның сапалы болғаны тіпті жақсы»,- дейді National Laboratory Astana: клиникалық фармакология және сынақ зертханасының жетекші ғылыми қызметкері  Александр Гуляев

Оқи отырыңыз:

Ауылдан қашып кеткен 14 жастағы қыз Алматыдағы түнгі клубтан табылды

Шымкент тұрғыны латын әліпбиіне көшудің оңай жолын ойлап тапты

Туристер Түркиядағы алапат зілзаланың қалай болғанын көрсетті (фото, видео)

 

Талқылау