Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық дәрігерлер жүрекке пышақсыз ота жасауды үйреніп жатыр

Енді жүректің жиі соғысы радио толқынмен емделеді. Бір сөзбен айтқанда, жанды мүшенің дерті күйдірілмек, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Аритмия арнайы технологиямен анықталады. Дәрігерлер жүректің үш өлшемді жобасын түсіріп, сырқатты тұсын табады. Ота күрделілігімен қатар, бірталай қаражатты қажет етеді. Бір отаның құны – 1,5 млн теңге шамасында. Сондай-ақ мемлекеттік квота бар. Қазір кезекте 30 мың адам тұр. Ұзын кезектің себебі – ота Астана мен Алматы қалаларында ғана жасалады. Бүгін ресейлік мамандар біздің дәрігерлер үшін президент іс басқарамасы медициналық орталығының базасында шеберлік сағатын өткізді. Аритмологтар бұл тәсілдің қауіпсіздігімен қатар жоғары нәтижелілігін ерекше атайды.

“Ота кезінде пациенттерге наркоз жасалмайды, ояу жатады. Дәрігермен емін-еркін сөйлесіп жата береді. Бұл біз үшін және науқастың жағдайын бақылап отыру үшін өте маңызды. Тек қана ауруды басатын екпе жасалады. Ем нәтижелілігі 80 пайызға дейін”, – дейді Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің кардиология ортылығының жетекшісі Сергей Атеменко.


Жіберіп алмаңыз:

Атырауда қоқыс арасынан кесілген бастар табылды

Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түседі

Бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған бұзақылар жеңіл жазамен сытылып кетпек

Журналистің сұрағына дұрыс жауап бермеген шенеунік жалақыдан қағылады

Талқылау