Отандық әншілер караоке қожайындарынан қаламақы талап етуде

Шырқалған туындыларға ақша төленсін. Таяуда, Қыдырәлі Болманов пен Ерлан Көкеев авторлық құқықты қорғауғы қатысты, заңсыз істерді жіпке тізіп берген еді. Олар, мейрамханалар мен караокеде айтылған әрбір ән үшін, белгілі бір мөлшердегі қаржы иесіне тиесілі деген мәселені көтерді. Өнердің өзге өкілдері бұл тақырыпқа не дейді?!

Отандық әншілер караоке қожайындарынан қаламақы талап етуде

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

АБК-ның жұмысы әлдеқашан тоқтаса да, топтың әндері өміршеңдігін жойған емес. Бірақ, әйгілі үштіктің репертуарын рұқсатсыз пайдаланып, авторлық құқықты сақтамайтын караоке қожайындарынан, Қыдырәлі қаламақы талап еткен еді. Болмановтың бұл бастамасын ізінен ерген әріптестері де қос қолдап қоштайындарын айтады.

“Ол еңбек болғаннан кейін, сол караокемен айналысатын мекемелер төлеу керек деп ойлаймын. Себебі, ол біздің еңбек. Енді, миллион болмаса да, өзінің бір ақысы төлену керек”, – дейді Бейбіт Көшқалиев.

“Әр мейрамхана, караокеде қойылатын болса, әрине ол кішкентай пайыз төлену керек. Өйткені біз оған ақша жұмсаймыз, клип түсіреміз, өңдейміз. Оның бәрі қаражат қой. Сондықтан, мен ойлаймын ол дұрыс деп”, – дейді әнші Динара Сұлтан.

Жас болса да Айридың әндері де караокедегі тректер тізіміне енген. Бірақ, ол өтеамақы талап еткен өнер иелерінің қатарынан емес.

“Жақсы емес пе менің әнімді халық караокеде демалып, айтқан! Менің әндерім караокеде бар. Ешқандай қаражат бізге түспейді. Сондықтан, ол әртіске байналысты”, – дейді жас әнші.

«Орда» тобының әндері де кароке каталогында сұранысқа ие. Алайда, Дастан дабыл қаққан әншілердің әркетін әурешілдік дейді. Оразбековтің ойынша, бұл авторлық құқықты қорғауға тиісті ұйымдардың мойынына жүктелген жұмыс.

“Шынымды айтсам, ол авторлық қоғамның ісі ғой деп ойлаймын. Біз өзіміздің құқығымызды, сол кісілерге беріп қойғанбыз. Ал олар қалай қорғайтыны, сол кісілерге тікелей байланысты шығар деп ойлаймын”, – дейді Дастан Оразбеков.

Ал, кәсіпкерлер мен әншілер арасындағы бұл кикілжіңнің үкімін айту, заң мен жауапты мекемелер құзырында қалмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар