Отандық әнші таяуда үйленген Бауыржан мен Альбинаның махаббат хикаясы туралы бейнебаян түсірді (видео)

Отандық әнші Берік Сексенбекұлы жаңа әніне бейнебаян түсірді. Бейнебаянда таяуда әнші Альбина Шардаровамен екінші рет шаңырақ көтерген актер Бауыржан Сатовтың махабббат хикаясы таспаланған, деп хабарлайды Stan.kz.

Отандық әнші таяуда үйленген Бауыржан мен Альбинаның махаббат хикаясы туралы бейнебаян таспалады (видео)

Әнші Берік Сексенбекұлы «Жаным» атты әніне бүгінде танымал жұпқа айналған актер Бауыржан Сатов пен әнші Альбина Шардарованы түсірген. Ол өз туындысында жас жұбайлардың махаббат хикаясын көрсеткен.

Өз кезегінде жаңа бейнебаянға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ бөлінді. Бірі әнді ұнатпай, «мағынасыз» деп сынап жатты.

Келесі топ болса әннің де, бейнебаянның да сәтті шыққанын айтты.

«Беянебаян мүлдем ұнамады. Ал Бауыржан мен Альбина бақытты болсын. Ән мен бейнебаянды еш мағына жоқ. Жеңіл-желпі түсірілген», «Не деген көңілді клип. Мына бір күйбең тірліктен, соңғы кездегі жаман жаңалықтардан шаршап жүрген көптеген жанның көңілін бір көтеріп тастады-ау. Өнерлеріңіз үстесін! Жастардың махаббаттары мәңгілік болсын!», «Тамаша бейнебаян. Жастар бақытқа лайықты. Бақытты болсын!» – дейді пікір қалдырушылар.

Айта кетсек, бейнебаян бір күннің ішінде 27 мыңнан аса қаралған.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда актер Бауыржан Сатов әнші Альбина Шардаровамен екінші рет шаңырақ көтерді. Өз кезегінде Альбина Шардарова өзін “біреудің отбасын бұзды” деп сынағандарға жауап берген еді. Ал Актер Бауыржан Сатовтың бірінші әйелі не үшін ажырасқандарын айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар