Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық әнші “Қалаулым” жұлдызы арқылы танылмақ болды ма? (видео)

Желіде “Арай” тобының бұрынғы әншісі Рысбек Аташ пен “Қалаулым” шоуының қатысушысы Сұлуфанның ара-қатынасын көрсететін фото-видеолар тарап кеткен еді. Әнші мен желі жұлдызы аталған жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірмеді. Бәрін уақытында білесіздер, деп жұртты қызықтырды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Отандық әнші "Қалаулым" жұлдызы арқылы танылмақ болды ма? (видео)

Сондай-ақ, Рысбек жақында ғана Сұлуфанмен түскен суретін жариялап, “екі ғашық” деп жазба қалдырды. Алайда бұл тіркес Рысбек пен Сұлуфанның арасындағы сезімді емес, бар болғаны ән атауын білдіретін болып шықты.

Иә, Рысбек Аташ “Екі ғашық” атты әнге бейнебаян түсірді. Ал аталған клипте “Қалаулым” шоуының экс-қатысушысы Сұлуфан басты рөлді сомдаған.

Желі қолданушылары Рысбек Аташтың жаңа жұмысын қатал сынға алды. Олардың бірі әншіні “хайп” үшін Сұлуфанды пайдаланды деп сөксе, екіншілері ән мен клиптің сапасына тоқталған.

Отандық әнші "Қалаулым" жұлдызы арқылы танылмақ болды ма? (видео)

Отандық әнші "Қалаулым" жұлдызы арқылы танылмақ болды ма? (видео)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау