Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Отандық арналардың біріне шығып, көмек сұраған "Талдықорған аруының" қатысушысы қайтыс болды

Отандық арналардың біріндегі трансплантация тақырыбына арналған ток-шоуға қатысып, жағдайын айтып, көмек сұраған "Талдықорған аруы" сұлулық байқауының қатысушысы Ғалия Бөлекбаева дүниеден озды. Небары 31 жастағы ару бүйрек жетіспеушілігінен кейін ұзақ науқастанып, бүйрек донорын қажет еткен еді. 

2015 жылы Ғалия қант диабетінің асқындап кетуінен бір бүйрегін алдырып тастаған еді. Артынан Ғалияның екінші бүйрегі сыр бере бастаған. Соңғы уақытта әйелдің  денсаулығы күрт нашарлап, қозғалып-қимылдауының өзі қиынға соққан. Соңғы екі аптасын жансақтау бөлмесінде өткізген Ғалияның өздігінен тыныс алуы да қиындағандықтан, дәрігерлер донор табылғанша оның жасанды комаға енгізбек болған. 

Ғалия науқастанып қалғанда күйеуі бірден ажырасуға арыз жазған екен. Өмірге қауіп төндіретін дертке шалдықпай тұрып, марқұм вокалмен кәсіби деңгейде айналысып, филармонияда жұмыс істеген. Сонымен қатар Ғалия "Талдықорған аруы-2010" сұлулық байқауына қатысып, жартылай финалға шыққан. 

Ғалия өмірінің соңғы деміне дейін күресіп, Іnstagram желісінде парақшасын жүргізіп, денсаулығы жайлы жазып, жұрттан көмек сұраған еді. 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр