Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отағасы 10 жас үлкен әйел үшін балалары мен келіншегін үйінен қуып шыққан

Отағасы 10 жас үлкен әйел үшін балалары мен әйелін үйінен қуып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап.

Айғаныш Айтманбетқызының күйеуі үш баласымен үйінен қуып шыққан. Қазір үш баласымен әпкесінің жалдамалы пәтерінде тұрады. Әпкесін де күйеуі бес баласымен тастап кеткен. Қазақстанның азаматтығын алмаған Айғаныш Айтманбетқызы не балаларын мектепке бере алмайды, не балаларының әкесінен алимент өндіруге қауқарсыз.

"7 жыл отастық. Бір-бірімізді ұнаттық. Қалаға жұмыс істеймін деп кеткен. Келіншекті кездестіріп, соны ұнаттым, саған көңілім суыды, кеттім деп, пәтерден қуып шықты, қайда барсаң сонда бар деді. Келін болып түскеннен енем жақтырмады. Басыма орамал салған емес", - дейді.

Үш баласының бірінің құлағы естімейді, екіншісі сөйлей алмайтын көрінеді. Дені сау болып туған ең кішкентай қызы ғана. Қырғызстан азаматы балаларын жетім қылмайын деп шыдап келген.

"Жеті жыл шыдап келдім. Үстімнен әйел алып келген кездері де болды. Балалар үшін шыдап келдім, тірі жетім қалмасын дедім. Балаларымның бірінің құлағы естімейді, екінші баламның тілі шықпаған. Некеге тұрған жоқпыз, мешітте ғана неке қидық. Қызым әкесін іздейді. Сағындық қой дейді. Әкең жұмыста деймін. Саған жеміс алып келеді деп алдаймын", - дейді Айғаныш Айтманбетқызы.

Әкесі балаларымнан бас тартпадым деп ақталады. Алайда, балаларын іздеп, қажет қылмайтын көрінеді. Ағабек Нәметқұловтың сөзіне сүйенсек, тоқал әкелгенін жақтырмай үйден кетіп қалған Айғаныш Айтманбетқызының өзі.

"Құжаттар тура болмай, заңды некеге тұра алмадық.Үйден қуып жіберген жоқпын. Басында өз балаларыңды өзің қара деп өзі кетіп қалды әпкесіне, сосын қайтып келіп балаларды алып кетемін деді. Сен кеткенде басқа қатын табылмай ма деп айттым. Балаларымды жақсы көремін, олардан безбеймін", - дейді Ағабек Нәметқұлов.

Талқылау