Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Осы видеодан соң мені америкалық шоуға шақырды: Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз мән-жайды айтты

Қазақстандықтар Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қызды қызу талқыға салды. Бірі Ксенияның сұлулығына тәнті болса, бірі қала тұрғындарын сумен қамтып отырған көлді ластады деп сынады.

Оқиғаның қалай болғанын бойжеткеннің өзі айтып берді, деп хабарлайды 31 арна.

«Мен Үлкен Алматы көлінде әдейі сырғанап, танымал болуы үшін видео түсірген жоқпын. Жай ғана телефоныма түсіріп, сырғанаған сәтімді достарым үшін парақшамда жариялаған едім. Бұлай талқыға түседі деп ойламадым. Достарыммен Үлкен Алматы көліне бардық. Онда бізден басқа да адамдар жүрді. Қысқы уақытты сырғанауға болатынын айтты. Мұздың қалыңдығы 20 см-дей болды. Сондықтан қауіпті деп қорыққан жоқпын. Адамдар еркін жүргендіктен ешқандай қорқыныш болған жоқ. Бірақ полиция бөлімшесінде түсіндіру жұмысу жүрді. Мен қателік жасағанымды түсіндім. Ол шынында қорғалатын объект. Мен секілді қателік жасамаңыздар. Мен тек адамдарды тауға шығуға шақырар едім. Бірақ табиғатты ластамау керектігін айтар едім», – дейді Ксения Панкратова.

Ксения Панкратова 21 жаста. Ол 3 жарым жасынан мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Бүгінде кәсіби түрде бұл спортпен айналыспайды.

Желіде талқыланған видеодан кейін бойжеткенді америкалық шоуға шақырып, ұсыныс айтқандар табылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Как же это красиво😍😱 #uz_video

Публикация от Самые Лучшие Видео! (@uz_video)

«Видеодағы менің өнерімді америкалық шоуда көрсетуді сұрады. Өзімді де шақырды. Бірақ мен ол жаққа баратын ойым жоқ. Тек шетелдіктер көріп, Қазақстанға турист ретінде келер деп ойлаймын», – дейді мәнерлеп сырғанаушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау