Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскенде бай болуы үшін баланы тәрбиелеудің 7 әдісі

Әрбір ата-ананы баланың болашағы алаңдатады. Ата-ана баласының бай, бақытты, табысты болғанын қалап, оның білім алуына жағдай жасайды. Алайда, баланың өскенде бай болуы үшін білім алуы жеткілікті ме? Осы орайда баланың кез кезлеген қиыншылықты жеңуіне көмектесетін өзге де жолдарын айтып өтейік.

content_deti8__econet_ru

Баланың өзіндік пікірін қалыптастыру

Баланы ерте жасынан бастап өзіндік ойын ашық айтуына үйрету керек. Бала отбасында айналасындағылардың өзін түсініп, ойын ескеріп, жауап беретінін ұғынуы тиіс. Ата-ана баланың сөзіне күлмей немесе кері жауап қатпай дұрыс сөйлесуі керек.

Қалыптастыру

Бала өзі қызығатын нәрсеге тез үйренеді. Онымен үй жұмысын жасай отырып оған пайдалы әрі қызықты жағын ескеріңіз. Мәселен, балаңызға жазуды үйреткіңіз келсе оған қаламмен жаздырғаннан гөрі бормен тақтаға немесе тас жолға жаздырыңыз. Оған бұл әлдеқайда қызықты көрінеді. Немесе ермексазбен жасап үйретіңіз. Балаңызбен қыдырып жүргенде оған әр нәрсені, көліктің түсін, моделін, түрін, өзге заттардың ерекшеліктерін түсіндіріп жүріңіз.

Өз бетінше орындату

Бала кей нәрсені ерте жастан өз бетінше жасап үйренсе, ол екйін мектеп сабақтары мен өзге де тапсырмаларды өзі орындауға дағдыланады. Баланың өзі киінуіне, аяқ киімінің бауын байлауға, ойыншықтарын өзі жинауға үйретіңіз. Баланың қателігі үшін ұрыспай, оған мақтаулар айтыңыз.

Командамен бірлесіп жұмыс істеуге үйрету

Балаңызды кішкене кезінен көппен бірге болуына, тіл табысуына үйретіңіз. Алайда, оны өзгенің баласымен салыстырмаңыз. Ол балаға тек агрессия туғызады. Оның орнына командадағы әр баланың рөлін айтып мақтап отыру керек.

Шет тілдерін үйрету

Баланың кемінде екі тілді меңгеруі оның болашақта жақсы маман болып қалыптасуына, мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді. Өйткені өзге елдің мәдениетін сол тілде сөйлескенде ғана ұғынуға болады.

Өз бетінше ұйымдастыру

Балаңызбен бірге отырып оның күн тәртібін жасақтаңыз. Баланың ерте жастан әр нәрсені ұйымдастыра білуге үйренгені абзал. Баланың сабақ оқуына да, сүйікті ісімен айналысуына да, ойнауына да уақыты жеткілікті болуы керек. Мұның бәрі сабағын оқып болған соң іске асуы тиіс. Бала уақытын тиімді пайдалануға үйрену керек.

Сәтсіздікке сабырлықпен қарау

Баланың сәтсіздіктерге, жеңілістерге дұрыс қарауға үйретіңіз. Мұндай жағдайда баланың өзін бағалау қасиеті жоғала береді. Мәселен, ойын ойнап жатқан балалардың ішінде сіздің балаңыз жеңіле бретін болса, сол үшін оны үйіңізге жетектеп алып кетудің қажеті жоқ. Бұл баланың өзіне сенімділігін жояды. Одан да оның жеңіле беруінің себебін түсінуге тырысыңыз. Баланы мақтап өсіру керек. Баланың эмоциясын сыртқа шығаруға тыйым салмаңыз. Бастысы балаңызды жақсы көретініңізді, оған қандай жағдай болмасын

Жіберіп алмаңыз:

Бала тәрбиесіне қатысты психологтардың айтқан бірнеше кеңесі

Жапонияда тілалғыш және ақылды балаларды қалай тәрбиелейді?

Еврейлер балаларын білімді, ақылды өзіне сенімді болуы үшін қалай тәрбиелейді

Талқылау