Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменнің бірнеше көшесіне тегін Wi-Fi орнатылмақ

Республика алаңы, облыстық театр жанындағы аумақ және Гагарин көшесіндегі бульвар қаладағы ең танымал орындарға айналуы мүмкін. Жақын арада бұл жерлерге тегін интернет орнатылады.

Безымянный

Сурет Виктор Абакумов

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Аталған идея бойынша қазір қалалық әкімшілік жұмыс істеп жатыр.

“Республика алаңында, Гагарина бульварында және облыстық драма театр алдындағы алаңқайда тегін интернет қызметін іске қосы мәселесі қарастырылып жатыр. “Қазақтелеком” АҚ-нан қосымша ақпараттар алғаннан кейін, аталған жұмысты бастап кетеміз. Аталмыш шараға бюджеттен қаржы бөліну үшін өтініш берілді”, – дейді қалалық әкімдіктің аппаратының жетекшісі Ержан Шорманов.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда қоғамдық қолжетімді Wi-Fi “Жастар” саябағында бар. Журналистер аталмыш орында қаншалықты интернет істеу мүмкіндігін тексеріп көргенде, ешқандай интернет-парақша ашылмай қойған. Қалалық бөлім техникалық қызметті пайдалану жұмысымен саябақ әкімшілігі айналысатынын айтты. Ал “Жастарға” тиесілі облыстық музей басшылығы бүкіл әлемдік интернет мүмкіндігіне қалалық билік жауап беретінін жеткізді.

Талқылау