Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны үйіндегі газ баллонды жарып өлмек болып, отбасымен далада қалды

Өскеменде 53 жастағы азамат үйіндегі газ баллонды жарып  жіберіп өлмек болған. Отбасылық жанжал кезінде   үйдегі әйелі мен 11 жасар ұлын көйлекшең далаға қуып жіберген. Еді баспанасы толықтай өртеніп, отбасымен бірге өзі де далада қалды.

pozhar-kvartira

Өрттен киім-кешек, барлық дүние-мүлік, тіпті, үйдің құжаттарына дейін өртеніп кеткен. Әйелінің айтуынша, күйеуі таңғы ас ішіп отырған жерінен, аяқасты ашуланып, ұлымен бірге  үйден қуып шыққан.

“Күйеуім сап-сау. Үйден қуып шығарғанда тек төлқұжат салынған әмиянымды алып үлгердім. Содан көшеде тұрып тәртіп сақшыларына хабарластым. Біраздан соң үйден өрт шықты,- дейді әйелі Татьяна Иванова.

Сөйтсе, күйеуі газ баллонының резеңке құбырын кесіп, сіріңке тұтатып жіберген. Жарылыстан шыққан өрт бүкіл үйді жалмаған. Юрий Ивановтың өзі дін аман. Ал далада қалған оның отбасын енді көршілері паналатып отыр.

Ұлының айтуынша, әкесі өткен  аптада да өз-өзіне қол салмақ болған. Ол кезде қарнын пышақпен тіліп жіберген еді. Артынан дәрігерлер азаматтың ішін тігіп, үйіне жіберген. Әйелінің суицид жасауға тырысқан еріне психологиялық көмек сұраған, бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспаған. Юрий Ивановтың жүйке жүйесіне мамандар енді ғана назар аударды.

Ю.Иванов облыс орталығында автобус жүргізушісі болған. Қазір ол ауруханада. Енді ұлы мен әйелі отағасын ауруханадан шығарып әкелетін жері де жоқ.

Талқылау