Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік жігіт жалған ақша беріп раушан гүлдері мен шауырма сатып алған

18 жастағы Өскемен тұрғыны гүл сататын дүкендердің бірінен раушан гүлдерін сатып алып, сатушыға жалған 5 мыңдықтарды ұстатып кете барған.

466x10000_out__

Бұл туралы STAN.KZ ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
18 жастағы Өскемен тұрғыны гүл сататын дүкендердің бірінен раушан гүлдерін сатып алып, сатушыға жалған 5 мыңдықтарды ұстатқан. Осыдан кейін, бір дүңгіршектен шауырма сатып алып, ол үшін де жалған 5 мыңды беріп кете барған. Сатушылар ақшаның жалған екенін білгеннен кейін полицияға шағымданған. Жедел іздестіру шаралары бойынша кінәлі жігіт ұсталды. ҚР ҚК 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау