Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік жігіт кек алу үшін көршісін ұрып, құжаттарын унитазға ағызып жіберген

20 жастағы өскемендік жігіт достарының үйінде қонақта болып, ішімдік ішіп көңіл көтереді. Сыртқа шыққан соң ол төменде тұратын көршісімен соқтығысып қалады. Дау соңы төбелеске ұласып, ол жерге полицейлер келген.

350b2df9f5309e28c328aa390422dda0

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

20 жастағы өскемендік жігіт достарының үйінде қонақта болып, ішімдік ішіп көңіл көтереді. Сыртқа шыққан соң ол төменде тұратын көршісімен соқтығысып қалады. Дау соңы төбелеске ұласып, ол жерге полицейлер келген. Алайда, көршісі полицияға арыз жазбайтынын айтып, тәртіп сақшыларының көзінше достасқандарын көрсетеді.

Ертесі күні жас жігіт көршісінен есесін қайтару үшін достарын ертіп, ер адамның үйіне барады. Олар үй иесін ұйықтап жатқан жерінен ұрып оятады. Жігіт оның ұялы телефоны мен ақшасын, жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігін, банк карточкасын өзімен алып кетеді.

Үйіне келген соң оның құжаттарын унитазға ағызып жібереді.

Жас жігітке қатысты «Ұрлау», «Құжаттарға залал тигізу», «Тұрғын үйге қол сұғылмау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, айыпталушы зардап шегушімен бітімгерлікке келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Роман Кудинов

Талқылау