Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік жігіт 20 жасында сүндеттелгенін айтты

Өскемен тұрғыны не себепті 20 жасында сүндетке отырғанын айтып берді.

Көрнекі фото: almaty.all.bi

Өскемен қаласының тумасы Сәкен есімді жігіт: «Коммунистік партияның идеологиясы мен заңдарын қатаң сақтайтын ата-анам мені жиырма жасыма дейін сүндеттетпеді. 80-і жылдары Алматыға көшіп келдік. Достарыммен ортақ моншаға барғанда, бетімнен отым шығып қатты ұялдым. Жолдастарым менің  мұсылман еместігімді бетіме басып, менімен араласпай кетті. Осыдан кейін амал жоқ молдаға өзім барып, жиырма жасымда мұсылмандыққа аяқ бастым. Әкеміз оқыған, Өскеменде бір мекеменің басшысы болды, деп жазады,-деп  Қазақстан-Заман басылымы тілшісіне сырын ашқан.

“Бірақ, орыстанып кеткен бұл өңірде баланы сүндетке отырғызу әбестік саналса керек. Әрі ата-аналар қызметтен айырылып қалудан да қорыққан ғой. Шындығында сонау 90-ы жылдары Өскеменде молда да болмаған, тіпті қазақ мектебінің өзі  жалғыз ғана еді.  Мұның бәрі айналып келгенде идеологияның әсері-тін. Оңтүстік өңірлерде балаларын тығып болса да сүндеттеген екен. Ауылда тұрсақ, бәлкім «бұлай» болмас па еді, кім білсін. Менен кейінгі інімді ата-анм он екі жасында сүндеттеткізді”,— деп түсіндірді.

Ол өзі сияқты сүндеттелмеген жастар солтүстік өңірлерде де табылатынын жасырмады.

Мұндай жағдай Алматы облысында да орын алған. Тіпті бір мекемеде бастық болып жұмыс істейтін азамат 17 жасқа толған ұлын сүндеттеп, дүркіретіп тойлаған екен

Алматы облысының тұрғыны Жадыра: «Күйеуімнің бастығы сүндет тойға шақырып, сонда болдық. Белгілі бір себептермен баласын 17 жасында ғана сүндеттеген ата-анасы сүндет тойды дүркіретіп өткізіп, ерекгше қуанышқа бөленді. Бірақ, баласын неге кеш сүндетке отыртқызғанын ақыры біле алмадық»,— дейді.

Тағы да оқыңыз:

Голливудтің атақты актері өзінің гей екенін мойындады

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты

Ерлі-зайыптыларды дуамен ажыратуға бола ма?

Талқылау