Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік жігіт үйленемін деп алдап сүйіктісінен ақша алған

25 жастағы өскемендік өзінің азаматтық некеде тұрып жатқан әйелінен түрлі себеппен ақша сұраған. Оны құрықтауға құқық қорғау органдары көмектескен.

2534_1443203209_mariagebanquefintech_970x643p

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Қылмыстық іс материалында Ш. мен оның сүйіктісі Н.-нің Өскеменде танысып, артынша Астанаға көшіп келгені жазылған. Сол жақта екеуі пәтер жалдап бірге тұра бастаған. Ш. бойжеткенге үйленуге уәде берген. Тіпті қыздың әке-шешесімен танысып үлгерген. Жігіт ресми еш жерде жұмыс істемеген. Тек тойларда тамада болып табыс тапқан.

Жігіт қыздан бейнебаян түсіруім керек деп 500 мың теңге сұрайды. Н. бұл ақшаны несиеге алып береді. Барлығын уақытында қайтарамын деп ант-су ішеді.

Артынша бейнебаянға ақшам жетпей жатыр деп 500 мың теңге сұрайды. Өзінің жазылмас ауруға ұшыраған інісі туралы қайғылы оқиғаны айтып береді. Қыз ешнәрседен күдіктенбестен, несиені өз ақшасымен жауып отырады.

Уақыт өте келе әлгі жігітке тағы ақша керек болады. Бірақ банктен Н.-ге несие бермей қояды. Десе де, Ш. несиені ақшалай емес, заттай алуға ұсыныс жасайды. Сөйтіп қыздың атынан “Айфон 6” алады. Ары қарай полиция қызметкерлерімен арада мәселе туындағанын айтып, 50 мың теңге сұрайды. Н. тағы да ақша тауып береді.

Келесіде жігіттің өтінішімен алтын әшекейлерін ломбардқа өткізеді. Соңында жігіт Өскеменнен жер алып беруін сұрайды. Оның құны – 200 мың теңге екен.

Бойжеткен сүйіктісі ақшаны қайтарады деп ойлаған. Алайда ол қызға күн сайын дауыс көтеріп, үйленетін еш ойы болмағанын айтып береді. Осыдан кейін бойжеткен полицияға арыз жазады. Жігіттің туысқандары ақша жинап, барлығын қайтарып бермекке ниеттенеді. Н. сот отырысында жігітке еш айып тақпайтынын айтады.

Сот үкімі бойынша Ш. 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы әкімдігі Нұртас Адамбайды алдады

Ханымдарға төсек қызметін көрсететін астаналық жігіттер жұмыстары туралы айтты

Әйелін арқалап жүгіруден өткен чемпионат даумен аяқталды

Ресей тұрғыны сот арқылы сүйіктісіне жұмсаған ақша шығынын өндіріп алмақ

Талқылау