Өскемендік санитарлық дәрігерлер “гельді” жұмыртқаларды іздеуде (видео)

Өскемендік санитарлық дәрігерлер «ерекше» жұмыртқаларды іздеуде. Бүгінде олар желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Таяуда біртүрлі өнім түсірілген видео желіде пайда болған еді. Автордың сөзінше, мұндай жұмыртқа Өскеменде сатылуда. Кәдімгі жұмыртқаның іші гельге ұқсайтын затпен толтырылған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Өскемендік санитарлық дәрігерлер "гелді" жұмыртқаларды іздеуде (видео)

Видео авторы іші гельмен толтырылған жұмыртқалар Қытайдан әкелініп жатыр деп топшылады. Осыдан кейін облыстағы базарлар мен дүкендер тексерілді. Жұмыртқаны қайдан алғанын білу үшін, видео авторы да ізделуде. Десе де әзірге мұндай өнім табылай қоймапты. Сондықтан жұмыртқалардың неден жасалғаны, олардың қаншалықты қауіпті екені әзірге белгісіз.

Ал ауыл шаруашылық басқармасындағылар Қытайдан мұндай өнімнің келмегенін айтып отыр. Өскеменге мұндай жұмыртқа өзге өңірлерден әкелінген болуы мүмкін.

«Жұмыртқа Павлодар, Алматы облыстарынан, Ресейден әкелінеді. Кеден статистикасының мәліметіне сәйкес, Қытай жақтан біздің аумаққа жұмыртқа өткен жоқ», – дейді ШҚО ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Талғат Айтуаров.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Обо всем в Актобе (@what.aktobe)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр