Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік полицияны балағаттап, көлік тұрағынан қумақ болғаны үшін сотталды

Өскемен қаласының тұрғыны көлік тұрағына қызметтік көлігін дұрыс қоймаған полиция қызметкерлерін балағаттай отырып, тәртіп сақшысын тұрған жерінен қуып шықпақшы болған. Полиция қызметкерлерін былапыттаған жігіт сот алдында жауап берді,- деп хабарлайды YK-news.kz сайты.

744

Оқиға өткен желтоқсан айында болған. Полиция қызметкерлері ЖКО болған жерге келген. Тәртіп сақшылары өз көліктерін сол маңдағы кафелердің бірінің алдына қойған. Тәртіп сақшылары болған жайт бойынша құжат толтырып жатқан кезде тамақтану орнының қонағы келіп, олардан көліктерін алуды талап еткен.

Сол кезде мас болған жігіт кафенің алдына тек сонда келушілер ғана көліктерін қоя алады деп полиция қызметкерлерін балағаттаған.

Сол кезде тәртіп сақшыларының бірі жігітке көлікке отырып, айтқан сөзін түсіндіруді талап еткен. Мас жігіт олай істеуден бас тартқан кезде полиция қызметкерінің бірі оның қолына кісен кигізген. Осыдан кейін жігіт полиция бөлімшесіне жеткізілген

Мемлекеттік қызметкерді балағаттап, полицияның бұйрығына бағынбаған жігітке сот 30 АЕК көлемінде айыппұл салған. Сот үкімі әлі күшіне енбеген.

Талқылау