Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік оқушы Айым Ұлтамбаева өз үйінің табалдырығында өлтірілген

14 жастағы Айым Ұлтамбаеваның өліміне қатысты жаңа деректер ашылды. Қызды өз үйінің табалдырығында  23 жастағы көршісі тұншықтырып өлтірген. Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

орпа

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, Шар қаласындағы 14 жастағы мектеп оқушысы 2015 жылдың 12 қыркүйегінде жоғалып кеткен. Қыздың туыстары ертеңіне оның жоғалғаны туралы хабар бере бастаған. Қызды іздеуге 500-ден астам адам қатысқанына қарамастан, еш нәтиже шықпады.

Тура сегіз ай өткен соң 12 мамыр күні қыз Шар қаласының сыртында өлі күйінде табылды. Оның денесі қоқыстардың арасына тасталған. 13 мамыр күні өлімге қатысы бар күдікті де ұсталды. Алдын-ала деректер бойынша күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін.

Алдын-ала белгілі болған мәліметтер бойынша 11 қыркүйек күні 23 жастағы Мақсат Б. өзінің таныстарымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Түнгі сағат 2 шамасында ол үйіне оралады. Айым Ұлтамбаева тұратын үйдің жанынан өтіп бара жатып, терезені қаққан. Қыз үйінің табалдырығынан аттап шыға бергенде, ол қызды қолымен тұншықтыра бастайды. Сосын жан тапсырған Айымның денесін қаланың сырт жағына алып шығып, қоқысқа тастаған. Қазіргі таңда оның қызды не себепті өлтіргені белгісіз. Бұған дейін Айымның анасы қызының Мақсатпен мүлде таныс еместігін, араласпайтынын айтқан.

Сот күдіктіні тергеу мақсатында екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды. Оған өмір бойынан бас бостандығынан айыратын жаза береді деп күтілуде.

Талқылау