Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік дизайнер Валентин күніне орай адам жүрегіндей қанды торт дайындаған (Видео)

Ойыншық жүрек сыйлап жүрген ғашықтар енді сүйіктісіне ерекше десерттер сыйға тарта алады. Дизайнер Галина Орлова кондитерлік өнімдерден жүрек бұлшықеттеріне ұқсас торттар дайындаған.

DrqigPM4Xxo

Бұл утралы yk-news.kz хабарлайды.

Адам жүрегінен сәл үлкенірек формадағы торттар тез арада саудаланып кеткен.

«Мен бастапқыда мерекеге орай басқа нәрсе жасаймын ба дегем. Жүрек түріндегі ескерткіштер жасамақшы болдым. Алайда қаладан оған қажетті заттарды таба алмадым. Сосын торт жасауды ойладым. Сөйтіп, бұрын соңды ешкім жасамаған, көрмеген торттың безенін дайындайын деп шештім. Бұл торт өзім үшін де шығармашылық жаңалық болды», – дейді дизайнер.

«Кейбір мамандар торттың түрінен шошып, оны дайындаудан бас тартты. Басқалары безендіруін қиынсынды. Тек Наталья Катеринич есімді кондитер маманы бұл ұсынысымды құптай кетті. Біз әр түрлі нұсқада дайындап көрдік. Мереке күні 14 торт дайындадық. Олардың барлығы бірнеше сағатта сатылып кетті», – дейді Галина.

Торт сатып алушыларға бал мен бисквитті қоспалармен ұсынылған. Олар бар-жоғы 2000 теңгеге бағаланыпты. Оның әрқайсысыс қорпаппен берілген. Қораптардың да безенін дизайнердің өзі жасаған екен.

Дизайнердің айтуынша, жүрек тортын көбіне жастар жағы алған. Тіпті, 3 тортқа дейін алғандарға да табылған екен. Олардың көпшілігі тортты көргенде таң қалған. Кейіннен мән-жайды түсінген соң, суретке түсіп таң қалысқан.

Талқылау