Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік бөтеннің саяжайынан гүл ұрлағаны үшін жауапқа тартылды

Өскемендік полицейлер өзгенің саяжайындағы раушан және лала гүлдерін ұрлаған азаматты ұстады.

раушан-әрі-лилия

Жергілікті тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша 35 жастағы бұған дейін істі болған ер азамат өзгенің саяжайына кіріп,  жеті бұта раушан гүлі мен жиырма түп лала гүлін алып шыққан. Саяжай қожайындары ұрланған гүлді есептеп, шығын көлемін 95 мың теңге деген. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталған.

 

 

Талқылау