Өскеменді қалыңдығы 25 см болатын қар басып салды (фото)
Өскеменде 9 қараша күні кешке басталған қар түні бойы жауып, бүгін қала іші және қала аралық қозғалыс қиындап кетті.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. Қазіргі таңда қаладағы жағдайды реттеу үшін 66 арнайы техника бірлігі жұмыс істеп жатыр.








Қалалық ТЖБ мамандары тұрғындарға басқа қалаға жақын арада шықпауға кеңес беруде. Сонымен қатар құтқарушылар барынша қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі туралы да ескертті:
- Көшеде жарнамалық тақталар мен солқылдақ құрылыс нысандарын айналып өту қажет.
- Мүмкіндігінше автокөлікті гаражға кіргізген дұрыс. Ал гараж болмаған жағдайда көлікті ағаш пен әлсіз құрылыс нысанасынан алыс жерге қойыңыз.
- Жолда арақашықтықты сақтап, айналып өту әрекеттерін жасамаңыз. Қиылыстарда мейлінше абай болып, бұрылар алдында жылдамдықты төмендетіп, көшеге мұқият қарап алыңыз. Егер қыс айларында өзіңіздің көлік жүргізу қабілетіңізге сенімді болмасаңыз немесе автокөлік қысқы жағдайға дайын болмаса, онда жолға шықпаған абзал.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?