Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Қаладағы танымал мейрамханалар мен дәмханалар жүйесінде берілген тағам салынған тәрелкеден қонақтар жәндіктің личинкасын тапты.

el03T6MvmtU_0

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Қара жұлдызқұртты онда келушілер салатты жеп біткен кезде анықтаған екен. Бұл суретті интернет арқылы таратқан қыз оқиғаның Өскемендегі танымал мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру жүйесінде болғандығын айтады. Мекеменің әкімшісі қонақтардан кешірім сұрап, айыптары үшін виски ұсынды. Ал, қонақтар болса санитарлық тексеру жүргізетіндігін айтып кетіп қалған.

Компания басшылығының айуынша, жұлдызқұрттың тағамнан табылу себебі – бұл салатты дайындау үшін экологиялық таза өнім қажет.

“Жұлдызқұрттың салаттан табылуы мұнда санитарлық нормалардың жоқтығын білдірмейді. Бұл керісінше, біздің салаттарды тек экологиялық жағынан таза өнімдерден ғана дайындайтындығымыздың белгісі”,- деді желі әкімшісі өзінің ресми хабарламасында.

Мекеме басшылары сонымен қатар, салаттардың қонақтарға берілерден бұрын арнайы технологиялық тексеруден және визуалды бақылаудан өтетіндігін айтты. Бұл жолы аспаз да даяшы да тәрелкедегі жәндікті көрмеген. Фирма басшылары өздерінің ғимараттарының ұдайы санитарлық тексеруден өтетіндігін, осы уақытқа дейін ешқандай кемшіліктер анықталмағандығын айтты.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жолақысы 200 теңгеге көтерілуі мүмкін

Мәйіт жатқан бөлмеде 40 күн шырақ жағу Исламда бар ма?

Енесімен тату болуы үшін жас келіндер арналған кеңестер

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

Талқылау