Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі ет сататын дүкенде бауыздалған қой денесіне әнші Psy-дың маскасы кигізілген

Өскемендік сатушы өз тауарына көпшіліктің назрын аудару мақсатында қой денесіне әнші Psy-дың маскасын кигізген. Қойдың етін саудалайтын базарда расымен де «Gangnam Style» әнін орындайтын әншінің беті кигізілген қой етіне көпшіліктің көзі түскен.

fNvGxflpvmY_0

Оны әлеуметтік желіде тараған суреттен де байқауға болады. Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлайды.
Көпшілік сатушының әрекетіне байланысты түрлі пікір айтқан. Бірі бауыздалған қойдың етіне кигізілген маска «адам денесін түршіктіреді, қорқынышты» десе енді біреулері «мерекелік көңіл-күй сыйлайды екен» деген. Ет сататын дүкен басшылығы сатушының әрекетін келушілердің барлығы әзілмен қабылдағанын айтқан.

Талқылау