Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі 9 қабатты үйдің қабырғасында атақты спортшы Талғат Жайлауовтың портреті пайда болады

Өскемендегі 9 қабатты үйдің қабырғасында атақты спортшы Талғат Жайлауовтың портреті пайда болады. Алматылық стрит-арт суретшілер салған туынды тек бұл ғана емес. Осыған ұқсас дүниелер Шығыс Қазақстан өңірінде алғаш рет пайда болды.

5656

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Ерекше бастама – Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабайдың идеясы. Шаһар басшысы жай баннер ілгеннен гөрі, қабырғаларға сурет салу айрықша көрік беретінін айтады. Ол үшін Қазақстан бойынша стирт-арт суретшілері мен граффити әуесқойлар арасында байқау өткізілген. Әділқазылар үміткерлердің жұмысымен қатар, өткен сайыстағы суретшілердін туындыларын да бағалаған.

Байқау жеңімпаздары – Алматыдағы Жүргенов атындағы академиясының студенттері.

“Қуаныштымын. Осы қалада өнерімізді көрсетіп жатқанымызға, осы қаланы көркейтіп жатқанымызға. Біздің өнер дамып келе жатыр деген мақсат болып тұр”, – дейді стрит-арт суретші Нұрсұлтан Жұмыр.

Қабырға суретінің көлемі ауқымды болғандықтан, сурет салуға қажетті барлық техниканы қалалық тұғын үй коммуналды шаруашылығы қамтамасыз еткен. Сурет салуға пайдаланып отырған бояулар сапасы жағынан қыстың қақаған аязына да, күздің толассыз жаңбырына да төтеп бере алады.

“Хоккей ойынымен осы жаққа жақсы танымал осы “Торпедо” командасының Талғат Жайлуаовтың атты ойыншысын бейнеуіміз керек”, – дейді стрит-арт суретші Айбек Нурбеков.

Қала тұрғындары алғашқы қабырға суреттерін тамашалап, суретке түсіп үлгерді. Және оларды әлеуметтік желілерге үздіксіз жариялауда. Бұндай ерекше бастама өскемендіктердің көңілінен шығып отыр.

“Суретшілер жарады! Қаламыздағы сұрғылт уйлерге жан бітірді. Енді үйдің қасбетінде хоккей ойыншысының суретін тамашалап отырамыз. Қаламыз хоккей командасымен елге танымал. Басқа да үйлер әсем суреттермен жарқырап тұрса, жақсы болар еді”, – дейді тұрғын Денис Бессолов.

Жас қыл қалам шеберлері қабырғаға Шығыс Қазақстан өңірінің танымал тұлғалары мен эпос кейіпкерлерінің портретін салуды жоспарлауда. Жуық арада Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен еліміздің бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың бейнесі салынбақ.

Оқи отырыңыз:

3 жасында америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы отанына оралды

Талдықорғанда шенеуніктің жұмысына көңілі толмағандар оның суретін қала көшелеріне іліп тастады

Алматыда 18 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Қарағанды облысында қоқыс арасынан жаңа туған сәби өлі күйінде табылды

Талқылау