Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да үш баласын өлтіріп, сосын өзі асылып қалған әйелдің ісіне қатысты тың деректер ашылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонайха қаласында үш баласын өлтіріп, кейін өзі де асыл өлген әйелдің оқиғасына байланысты тың деректер пайда болды.

9841a95c7fdd4c0cc99fc7ec46d4a410

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

27 сәуір күні энергокәсіпорын қызметкері 37 жастағы Ердос кешкілік үйіне келген кезде, жатын бөлменің босағасында асылып қалған 35 жастағы әйелі Индира мен балаларын көреді. 2 жарым жастағы Нұрсұлтанды ваннадан, 5 жастағы Данияны әжетханадан, ал 10 жастағы қызы Елдананы қонақ бөлмеден тауып алады.

Үйге жеткен полиция қызметкерлері Индира жазып қалдырған хатты тауып алады. Онда “Мен Индира. Е. ақыл-есім сау. Менің және балаларымның өліміне себепкер болған, мені осы қадамға итермелеген адамдарды жазалауды сұраймын”, – деп жазыпты.

п

Қайғылы оқиға орын алған үй.

“Оқиғаға байланысты анасы әуелі балаларын асып өлтіріп, сосын өзін асып өлтірген. “Өз-өзін өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны осы әрекетке кімдердің итермелегені анықталмақ”, – деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Ал тұрғындар бұл оқиғаға қатысты өз болжамдарымен бөлісті. Олар Индира әуелі екі кішкентай баласын у беріп өлтірген дейді. Төртінші сыныптағы Елдана сабақтан келгенде оның бауырлары өліп жатқан. Әйел тек үлкен қызын күткен. Ол осы арада хатты жазған болуы мүмкін.

Көршілері бұл отбасыдан қатты бір шуды, дауды естімедік дейді. Үнемі тату-тәтті ойнайтын балаларды көріп тұрады екен. Қайтыс болған Е. отбасы мүшелерімен қоштасу рәсімі Өскеменде 29 сәуір күні өтті.

Ал Индираның қайын атасы, Ердостың әкесі келінің денсаулығына қатысты бұған дейін де күмәнмен қарағанын айтады. Ердостың әріптестері де Индира ақылынан алжасып кетіп осы әрекетке барған болуы мүмкін дейді.

“Ұлым қазір қиын жағдайда. Жұмысы оған демалыс берген. Қазір біз онымен бірге психологиялық процедуралар қабылдауға барып жүрміз. Қазір отбасы мүшелерінің барлығы оған күш беру үшін тырысып жатыр”, – дейді әкесі.

Талқылау