Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жылжымалы монша жалға берілуде

Өскемен қаласының тұрғыны жылжымалы монша жасап шықты. Кәдімгі дөңгелекті тіркемеге салынған бөшке тәрізді монша қаланы аралап жүр.

1455195677_dsc_1604-kz

Бұл туралы Дидар басылымы хабарлайды.

Вадим Ушаков алғашында моншаларды бөренеден қиып сатып, пайда тауып жүрген екен. Кейіннен тұтынушылардың өздері жалдамалы моншаға сұраныс білдірген. Сонда Вадимнің ойына бірден келгені дөңгелекті монша салу еді.

Ол үшін ол қағазға алдын ала сызбасын жасап, қажетті материалдардың мөлшерін есептейді. Кейін, ағаш материалдарын дайындап, үш айдың ішінде жасап шығарған.

Моншаның сырты шағындау болып көрінгенімен, іші кең. Бір кіргенде төрт адам оп-оңай орнығып отыра алады. Кіреберісінде киініп-шешінетін кішігірім бөлмесі бар. Ал ішін фин пеші арқылы қыздырады. От жаққаннан кейін, моншаның температурасы лезде 70-80 градусқа дейін жетеді. Вадимнің айтуынша, бұл моншаны көбінесе қала сыртына демалысқа шығушылар жалдайды. Керек десеңіз, кәуәп пісіретін мангалы, орындықтары, үстелі де бар. Вадим тұтынушының сұранысына қарай моншаны керек жеріне апарып береді.

«Оқушы кезімде математика, геометрия, сызу пәндерін жақсы көрдім. Өзім ойдан осындай дүниелерді жасауға құмар болдым. Бірақ біреудің идеясын көшіру ұнамайды. Әр детальді ойдан жасағанды қалаймын», – дейді Вадим Ушаков.

????????????????????????????????????????????????????????????????????????

Талқылау