Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жол апатынан көз жұмған қыздың егіз балаға аяғы ауыр болған

Өскеменде жол көлік апатынан қаладағы мектеп мұғалімінің бірі қайтыс болған еді. Апатқа қатысы барлардың туыстары қайғылы жағдайға куә болатын адамдарды іздеп жатыр.

JQHeKvxonnQ002_1

Бұл туралы YK-avto.kz хабарлайды.

Айта кетейік, кеше қала көшелерінің бірінде Toyota RAV4 мен Lada Priora көлігі соқтығысқан еді. Полицейлердің мәліметінше, сол жаққа бұрылмақшы болып тұрған Лада көлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан Тайотаны өткізбеген. Сол себепті екі көлік қақтығысқан. Тайотаны 25 жастағы жігіт жүргізген, оның оң жағында 21 жастағы аяғы ауыр әйелі отырған.

«Бір мезетте шу болып кетті. Қарасақ, екі көлік қағысып, бірі орнында тұр екен, екіншісі қарсы бетке ұшып кетіп, қырынан тұрып қалыпты. Екінші көліктің ішінен жігіт шығып айқайлап жатыр. Сосын адамдар топ-тобымен жиналып кетті», – деп жазады «Вконтакте» әлеуметтік желісінің қолданушысы Ева Шнайдер.

Шетелдік көліктен адамдарды тек арнайы құтқарушылар қызметінің көмегімен шығара алды. Көліктің төбесін кесуге тіра келген. Алайда, дәрігерлер келгенше, қыз жан тапсырған. Екі жүргізуші де әр түрі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Мадина өте жақсы адам еді. Мейірімді, ақкөңіл болатын. Біз әлі күнге дейін бұл оқиғаға сенер-сенбесімізді білмей жүрміз. Оның егіз балаға аяғы ауыр еді. Анасы мен әпкесіне өте ауыр жағдай болды», – деп еске алады әріптесі Елена Троеглазова.

Әлеуметтік желіге оқиға болардан бір күн бұрын қыздың өзі суретін салған екен. Енді ол суреттің астына қолданушылар көңіл айтып жазысып жатыр.

Дәл осы аралықтарда «Приора» көлігі жүргізушісінің жақындары апатқа куә болатын адамдарды іздестіріп жатыр. Олардың айтуынша, Лада күрделі бұрылыс жасағанша, қарсы беттегі көліктер үшін бағдаршамның қызыл түсуі жану керек болған. Алайда, бұған ресми түрде куә болатын ешкім табыла қойған жоқ.

Талқылау