Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды

19 жастағы Татьяна Бекованың денесін көшеде кетіп бара жатқан адам кездейсоқ байқап қалған. Полицейлер қыз дәрі қолдану арқылы өз-өзін өлтірген болуы мүмкін дейді.

Bekova-001_1_1

Еске сала кетсек, экономика және қаржы колледжінің студенті Татьяна Бекова 15 ақпан күні жоғалып кеткен еді. Сол кезде полицейлер қыздың үйін әдейі тастап шығып кеткенін айтқан. Ол барлық киімдерін жинап, ал оқу орнына енді қайтіп бұл жерде оқымаймын деп айтып кетіпті.

“Кеше полицияға қала тұрғыны хабарласты. Ол серуендеп жүріп Комсомольская көшесінен қыздың денесін көріп қалғанын айтад.ы Айтылған мекен-жайға келген полицейлер қыздың бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыз екенін анықтаған. Денесіне зорлық әрекеттері жасалмаған. Қазір сот-медициналық сараптамасы жұмыс істеп жатыр”, – дейді ШҚО Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Тәртіп сақшылары өлімге себеп – қыздың дәріден улануы болуы мүмкін екенін айтуда. Өйткені, олар қыздың жанынан бос дәрілердің қораптарын тапқан.

Талқылау