Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды

Кеше кешкілік Өскеменде тұрғындар студенттер қалашығының маңындағы Үлбі өзенінен өлі денені байқап, полицейлерге хабарлаған. Тәртіп сақшылары бұл жайлы құтқарушыларға хабарлап, олар жас қыздың денесін судан алып шыққан.

olga20161012_2

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, ол жаңа жыл алдында жоғалып кеткен Өскемен қаласының тұрғыны Ольга Жукованың денесі болуы мүмкін.

Айта кетейік, 24 жастағы Олга Жукова 2015 жылдың 13 желтоқсанында із-түссіз жоғалып кеткен еді.

Жоғалған әйел туралы ақпарат осы уақытқа дейін интернет беттерінде жазылған. Ол құрбысымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқан. 13 желтоқсанда құжат не ақша алмастан сыртқа шығып кетеді. Өзі шылым шегіп, сәлден соң қайтып келетінін айтқан. Алайда ол із-түссіз жоғалып, дәл қазір қайда екенін ешкім білмейді.

Әйелдің үйде 4 жасар баласы қалған. “Одноклассники” әлеуметтік желісінде баласынан кешірім сұрайтын хат жазған. Туған-туыстары бұл хабарламаны өзі жазғанына күдік келтірген.

Ольганы полицейлерден бөлек еріктілер де іздеу жұмыстарын жүргізген.

Бүгін қыздың тірі емес екені анықталды. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Ольганың өзеннен өлі күйінде табылғаны жөнінде жариялаған.

Құтқарушылар өлі күйінде табылған қыздың кім екенінен бейхабар. Алайда, оның жоғалып кеткен жергілікті тұрғын екенін естіген.

ШҚО-да ІІД-нен жедел ақпараталу мүмкін боламды.

Ольганың жақын туыстарының бірі өлі дененің Ольга Жукова екенін растады. Полицейлер оқиғаның мән-жайын, қыздың адам қолынан өлтірілгенін әлде өзіне қол жұмсағанын анықтап жатыр. Ольганың өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.

Бұған дейін Ольга Жукованы еріктілердің де іздеуге шыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Артур Власов

Талқылау