Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалып кеткен әскери қызметкердің банк карточкасын пайдаланғаны анықталды

Өскеменде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Павлодарда туған әскери қызметкер жоғалардан бұрын банк карточкасын пайдаланып, телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Өскемен әскери прокуратурасы зерттеуінің нәтижесінде белгілі болды.

yO1tOEczZPI_0_1

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Өскемендегі әскери бөлімнің бірінде келісім-шартпен қызмет атқаратын Дәулет Орынтаев мүлде хабарсыз жоғалған адамға жатпайды. “Әскери қызметкер жоғалып кеткен жоқ, ол жәй ғана қызметке шықпай қойды. Ол байланысқа шыққан. Оның банк карточкасын пайдаланып жатқанын көрген адамдар бар. Аталған дерекпен әскери полиция айналысып жатыр”, – деп хабарлаған әскери прокуратура.

Әйтсе де, Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі аталған іс бойынша әлі нақты пікір білдірмеді. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде де оқиғаға қатысты ақпарат берген жоқ. Жас жігіттің отбасы да журналистерге де пікір беруден бас тартқан. Расталмаған мәлімет бойынша, әскери қызметкер туыстарымен байланысқа шығып үлгерген.

Еске сала кетсек, Өскеменде 21 жастағы Дәулет Орынтаев осы жылдың ақпан айының соңында жоғалып кеткен болатын. Оның туысы Мади Рахымбергеновтың айтуынша, жас жігіт келісім-шартпен жұмыс істеп, пәтер жалдап тұрған.

Талқылау