Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалған 14 жастағы бала өлі күйінде табылды

20 сәуір күні 14 жастағы Медет Маратов сабақтан соң үйіне оралмаған. Бүгін полицейлер баланың өлі денесін тапты.

Безымянный

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Медеттің ата-анасы ұлының еш себепсіз ешқайда бармайтынын, егер кешігетін болса, міндетті түрде хабарласып ескертетінін айтқан. Медетті соңғы рет сыныптастары мектеп жанында әлдебір қызыл көліктің жүргізушісімен сөйлесіп тұрғанын көрген екен.

Полицейлердің мәліметінше, баланы пышақпен жарақаттап өлтірген.

«Анасы арыз жазған соң полицейлер баланы іздеуге кірісті. Баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да атсалысты. Баланың денесі бұзыған қазандық жанынан табылған. Оны бірнеше жерден пышақтаған. Оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісімен белсенді түрде айналыстаын арнайы жедел топ құрылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», – делінген хабарламада.

Аталған іс ШҚО ІІД басқармасының қатаң бақылауына алынды.

Артур Власов

Талқылау