Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жер опырылып түсіп үш адам қайтыс болды

Өскеменде жер опырылып түсіп, үш адам сол жерде көз жұмып, біреуі жарақат алған. Төрт адам шұңқырда жұмыс істеп жатқан. Оларды аса жоғары жер массасы басып қалған.

nStQ4qfO70g-001_0

Сурет Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасы

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Құтқарушылардың айтуынша қайғылы оқиға 16 наурыз күні әуежай маңындағы өнеркәсіптік қалдықтары полигонында орын алған.

“Шұңқырда жер опырылуы болды. Нәтижесінде төрт адам жер астында қалып кеткен. Олардың өнеркәсіптік полигонға не үшін барғаны, немен айналысқаны белгісіз. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі мен жедел құтқару тобы жіберілді. Құтқарушылардың жедел қимылдағанына қарамастан, тек бір адамды ғана құтқарып қалу мүмкін болды”, – делінген хабарламада.

Абайсызда орын алған қайғылы оқиғаның себеп-салдарларын арнайы комиссия анықтамақ.

Талқылау