Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жаяу жүргіншілер жолында көлігімен жүрген бойжеткен ұсталды (видео)

Өскемендегі орталық алаңдағы шыршаның жанына адамдарды соға кірген көлік жүргізушісіне айыппұл салынды.  Көпшіліктің наразылығын тудырған көлікті қыз басқарған. Оған 50 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оскемен

Бұл туралы yk-news.kz сайты хабарлайды.

Полицейлер тәртіпсіздікті видеоға түсіріп алған қала тұрғынының жазбасына сүйене отырып тәркілеген. Оқиға болған күні қалалықтар орталық алаңда Тәуелсіздік күнін тойлап жатқан. 26 жастағы бойжеткен алаңдағы жаяу жүргіншілердің бірін қағып кете жаздаған . Наразылық білдіріп шулаған жұртқа қарамастан, үлкен жылдамдықпен өз бағыты бойынша кетеберган болатын.

Есте болса, бірнеше күн бұрын «Renault Logan» жеңіл көлігі жол ережесіне бағынбай  Өскемен орталығындағы алаңдағы жая жүргіншіге арналған жиекке шығып кеткен еді. Мұндай бассыздыққа барған көлік жүргізушісіне наразы болған халық оның мемлекеттік номерін түсіріп алуға тырысқан еді. Жүргізуші өз кезегінде мұны түсініп қойып, жолындағы адамды қаға жаздап жылдамдықты арттыра қашқан еді. Полиция қызметкері телефонға түсірілген жазбадан көлік иесін тапқан.

« «Рено» көлігін 26 жастағы Өскемен тұрғыны басқарған. Оған әкімшілік жауапкершілік бойынша 596 баппен  іс қозғалды. Онда « Жеңіл көлік тиісті тұраққа қойылмағаны» , «Жаяу жүргіншінің жолына шығып кетту» заңсыздықтары бойынша айыппұл салынатын болады»,-дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Екі заңбұзушылық бойынша  көлік иесіне 25 АЕК айыппұл салынған. Белгілі болғандай бойжеткен мейрамды ұйымдастырушылардың бірі болған. Жұмысын істеу мақсатында көлігімен алаңдағы шырша жанына дейін барған.

Талқылау