Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жай ғана қолы сынып көз жұмған науқастың әйелі бұған дәрігерлерді кінәлауда

Өскеменде емханада көз жұмған Әнуарбек Дисюповтың жесірі дәрігерлердің әлденені жасырып отырғанын айтады.

narodn_01

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

Жаңа жылдан кейін сенбі күні таңертең отбасы мүшелері қармен сырғанауға кеткен. Сырғанап жүріп Әнуарбек құлап, қолын ауыртып алады. Жеңіл жарақат көрінгенімен ауруы асқынып, Әнуарбек жұмысынан сұранады. Оған берілген мазь бен ауырсынуды басатын дәрілердің көмегі болмаған соң, қаңтардың 10-нен 11-не қараған түні жедел жәрдем шақыртады. Емханадағылар бірінші тексеруден соң ер адамды түнгі сағат 2-де жаяу үйіне жіберген. Әнуарбек қант диабетімен де ауырған. Ертеңіне ол қайта емханаға барады. Емханада әйеліне хабарласып, бәрі жақсы екенін, оны отаға дайындағанын айтқан.

narodn_05

«Ота жасағалы жатыр деді. Кейін қайта хабарласып, әлі ешнәрсе жасамағандарын айтты. Түскен кейін тамақ апаруға баратынымды айтқанымда, кешке келуімді сұрады. Кешкі сағат алтыда келсем, көзі ауырып төсекте жатыр. Оның жүзіне қарап, шошып кеттім», – дейді Камила.

Дәрігерлер біраз уақыт құжаттарды жасап, Әнуарбекті ота бөлмесіне алып кетеді. Әйелі баласын алып үйіне қайтып кетеді. Кешкі сағат 21:30-да емханаға хабарласқанда дәрігерлер отаның сәтті өткенін айтқан. Алайда, Камила бұған сеніңкіремейді.

narodn_02

Камила ертесі таң атпастан емханаға хабарласады. Айтуынша, дәрігерлер әр нәрсені сылтау етіп, біраз уақыт жауап бермеген. Кейіннен хирургтің өзі тұтқаны алып, күйеуінің түнгі сағат 23:00-де көз жұмғанын хабарлайды.

Дәрігерлер Әнуарбектің жүрегі шыдамағанын алға тартқан. Алайда, Камила күйеуінің жүрегі ешқашан сыр бермегенін атап өтті. Ол күйеуінің неке жүзі мен өзге заттарын емхананың әр бұрышынан тауып алған. Күйеуін көру үшін мәйітханаға да кіргізбепті.

«Мен күйеуімді тек 13 күні ғана көрдім. Сол күні прокуратураға арыз жаздым. Ол жақтағылар да істі қолға алғысы келмей, әр жаққа жіберді. Күйеуімнің медициналық картасы жоғалып кеткенін айтты. Ол әлі күнге дейін табылған жоқ», – дейді Камила.

Емханадағылар картаның жоғалып кетуі олардың кінәсі емес екенін айтқан.

«Бұл іс әлі қарастырылып жатқандықтан мен ешқандай пікір білдіре алмаймын. Медициналық және фармацевтиканы бақылау комитеті жұмыс істеп жатыр. Науқастың өліміне байланысты нақты шешім айтылған жоқ. Сондықтан оған дейін пікір білдіруге құқығым жоқ. Ал, картаны бізден науқас қайтыс болған соң алып кетеді. Карта ІІД-де болған. Оның қай уақыта жоғалғаны белгісіз. Медициналық карта бізде қайта жасалды. Ол көшірме ретінде жүреді. Ал, науқастың өліміне қатысты айтсам, біз дер кезінде жақындарына өлім туралы естірте алмаймыз», – дейді Өскемен қалалық емханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Елена Куликова.

Дәрігерлер әлденені жасыра ма, жоқ па ол тергеу кезінде анықталады. Тергеу ісі жарты жылдан кейін жүргізіле басталды.

«Тергеу ісі науқастың картасы жоғалғанына байланысты уақытында жүргізіген жоқ. Картаның қайда жоғалғаны анықталып жатыр. Дәрігерлердің міндетін дұрыс атқармау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр», – дейді Өскемен қалалық прокуратура бөлімінің басшысы Мақсұт Тоқсанбаев.

Енді Камила оқиғаның қалай болғаны анықталып, кінәлі жандар жазаланады деп үміттеніп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Депутат көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі үй сатып алып берді

Ақмола облысында 4 күн бойы іздестірілген ер адамның денесі табылды

Құмар ойыншы қонақүйге шабуыл жасап 34 адамды мерт қылды

Астанада азан шақыру үшін концертті тоқтатты

Талқылау