Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жас жігіт күйеуге шығуға қарсылық білдірген қызының көлігін өртеп жіберді

18 жастағы Алматы тұрғыны Өскеменге сүйгенімен татуласу үшін келген. Алайда ұсынысты қабыл алмаған қыздың көлігінің үстіне бензин құйып, жағып жібереді. Сондай-ақ, оның көлігімен қатарлас тұрған көлік те өртеніп кеткен.OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

Жас жігіт Өскеменге, бұрынғы ғашығымен қайта тіл табысу үшін келіпті. Алайда, қыз басқа жігітпен кездесіп жүр екен. Кінәлінің айтуынша, оған күйеуге шығуға қарсылық білдірген бұрынғы қызына ашуланып, қалайда кек алмаққа бекінеді. Түнде жігіт қыз тұратын үйдің ауласына келеді. Өзімен бірге пластикалық бөтелкеде толы бензин болған. Жігіт сұйықтықты «Skoda Yeti» автокөлігінің үстіне төгіп, жаға бастайды. Өрт көршілес тұрған «Лада» автокөлігін де шарпиды. Келтірілген шығынның жалпы құны 5 миллион теңгені құраған.

Қарақшылық әрекетке барғаны үшін кәмілетке толмаған жас жігітке сот үкімі шықты. Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен жас жігіт жазасын 7 жыл жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау