Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жалаңаш жүрген жігітке байланысты сот үкім шығарды

Бүгін облыс орталығында Әуезов көшесінің бойымен жалаңаш жүрген жігіттің ісі қаралған. Құқықтық орган оның бұл әрекетін бұзақылы жасады деп тіркеген,- деп хабарлайды  YK-news.kz сайты.

gol12986391_0_1_1

Естеріңізде болса, 22 жастағы Өскемен тұрғыны  өз құрдастарымен  жаңа аяқ киімге бәстескенін хабарлаған едік. Қаланың орталық көшесінде  жалаңаш жүрген жігітті  тұрғындар түсіріп алған еді. Ғаламторға жарияланған бейне жазбаны  бір күннің ішінде мыңдаған азамат тамашалаған еді.

gol1273912312

Мына суретінде  бас бостандығынан айрылған жігіт ұтып алған аяқ киімімен тұр.

15 күнге қамауға алынған азаматқа достары уәдесінде тұрып,оған 13 мың теңгеге  екі  жұп аяқ киім алып беріпті.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде дау тудырған бейнежазбаның кейіпкерін бір аптаның ішінде тапқан.

Талқылау