Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде зейнеткер әйел қоқыс үшін көршісін ұрып тастады

Өскемен қаласында егде әйел қоқысты дұрыс тастамаған ер адамға қол көтерген. Ол ер адам қоқысты белгіленген орынға тастамады деп ашуланыпты.

imgID15193932-840x420

Фото: misanec.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Ер адам ағаштан жасалған жәшікті көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінің қасына қойып кеткен. Онда келген 62 жастағы әйел бұл жерге құрылыс қоқысын тастауға болмайды деп дау көтерген. Нәтижесінде әйел көршісін әуелі жәшікпен, сосын бұтақ кесетін қайшымен ұрған.

Зардап шегуші бірден сотқа шағым түсіреді. Оның шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Өскемен қалалық №2 соты әйелді айыпты деп тауып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салып және моральдық өтемақы ретінде 15 мың теңге төлеуді міндеттеген.

Оқи отырыңыз:

Алматы полициясы көлікте отырып дәрет сындырған қызметкерді іздеп жатыр

Ата-аналар қалыңмал төлеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Тамара Дүйсенова: Жұмыссыз жүрген жастарды әскерге жіберу керек

Талқылау