Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде экс-депутатты бопсалаған блогерге сот үкімі шықты

Өскеменде танымал блогер Ринат Халиковтың ісі сотта жеделдетілген режімде қаралып, үкім шығарылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Ринат Халиков экс-депутат және кәсіпкер Ержан Сқақовтан 30 мың доллар мен үш бөлмелі пәтер бопсалаған. Оларды бермеген жағдайда Сқақовтың беделіне нұқсан келтіретін мәлімет жариялайтынын айтқан, деп хабарлайды altaynews.kz.

Еске салсақ, 19 жастағы Елена Иванова экс-депутатты өзін зорлады деп айыптаған болатын. Қылмыстық іс қозғалып, кейін ол жабылды. Бойжеткен істі қайта қарауды сұрап, ҚР Президентіне хат жазған еді. Соған қарағанда, блогер осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған.

Ол 2017 жылдың қазан айында Сқақовтан ақша алу барысында ұсталды.

«Сотталушы ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Халиковтан жәбірленушінің пайдасына 1 миллион 20 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын өндіріп алынсын. 30 мың доллар көлеміндегі ақшалай қаражат сот үкімі күшіне енгеннен кейін Сқақовқа қайтарылсын»,- делінген ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінде.

Халиков жазасын қатаң режімдегі түрмеде өтейтін болады.

Тағы да оқыңыз:

Мені апай ұрды: Алматы облысындағы балабақшада 3 жасар қыздың басы жарылып, емханаға түсті

Атырау облысында бойжеткен пойыз астына түсіп аяғынан айырылды

Петропавлда жекпе жекте комаға түскен спортшы екі айдан бері ессіз күйде жатыр

Талқылау